Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:39, 26 декабря 2013

Абайлаңыз! Алаяқтар!

Blog post image

Петропавлдық полицейлер, телефон алаяқтығын алдын алу бойынша жаңа жылдық мерекелер алдындағы жұмыстарын жандандырды. Учаскелік инспекторлар подъездерге ескерту парақшаларын жапсырумен қатар, пәтерлерді аралау кезде тұрғындармен алаяқтардан қорғанудың сақтық шараларын өткізді.

Алдын алу жөніндегі жұмыстарды полицияның учаскелік инспекторлары СҚО ІІД бастығы, полиция полковнигі Ақан Қажкеновтың тапсырмасы бойынша желтоқсанның 23-і мен 26-сы аралығында өткізілген «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы аясында жүзеге асырды. Мақсатты шара барысында тәртіп сақшылары қарт адамдар тұратын тұрғын үйлерге ескерту парақшаларын жапсырды. Осы айқын ескертулер арқасында, зейнеткерлер алаяқтардың оңай олжасына айналмайтындығына полиция қызметкерлерінің сенімі мол.

Телефон алаяқтарының қай әдісте әрекет ететіндіктері қаламыздың зейнеткерлеріне жақсы таныс. Олар туралы ақпарат, бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен таратылады, осыған қарамастан қылмыскерлер олардан айлаларын әлі де асыруда. Сұрастырылған кейбір қала тұрғындары аталмыш фактілер туралы естімек түгіл, өз бастарынан да өткендігін айтып жатты. Абырой болғанда сақтық танытып, алаяқтардың жеміне айналмаған. Бұл тек қана санаулысы.

Естеріңізде болсын, тек алаяқтар ғана сізге жақын адамыңыз пәлеге ұшырады, сондықтан ақша төлеу қажет деп хабарласады. Желтоқсан айының өзінде алаяқтардан үш зейнеткер зардап шекті. Осының бәрі, телефонның арғы жағынан балаңыз жол көлік апатына ұшырады немесе есірткі үшін ұсталды деген хабарды естігендіктен.

«Жалпы, 2013 жылдың 11 айында Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлерімен алаяқтық қылмысының 732 фактісі тіркелді, олардың 372-сі ашылды. Туған-туысқандарыңыз немесе таныстарыңыздың арасында қарт адамдар болған жағдайда, олармен міндетті түрде түсіндірме жұмыстарын өткізген абзал»-деп, хабарлады СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Сағындық Жантеміров.

Жан Айтмағанбетов,

СҚО ІІД баспасөз қызметі

0
350
0