Допты хоккей: «Ақжайық» командасынан жеңіс добын Самат Аманшин соқты

Kazsport agent 2013 M12 25
187
0
0
0

24 желтоқсан күні допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында Оралдың «Ақжайығы» Краснотурьинскіде жергілікті «Динамо-Маяк» командасымен күш сынасты. Аса тартысты өткен...

Допты хоккей: «Ақжайық»

24 желтоқсан күні допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында Оралдың «Ақжайығы» Краснотурьинскіде жергілікті «Динамо-Маяк» командасымен күш сынасты.

Аса тартысты өткен ойында айдын иелерінен Семен Подкин 7-минутта бірінші болып есеп ашты. 41-минутта «Ақжайықтың» капитаны Ескендір Нұғманов таразы басын теңестірді.

Екінші таймда Евгений Царегородцев «Динамо-Маяк» командасын қайтадан алға шығарды. Дегенмен «Ақжайық» ойыншылары өз шеберліктерін көрсете білді. 67-минутта Александр Шавалдин мергендік танытса, үш минуттан кейін Самат Аманшин жеңіс добын соқты.

Бұл ойыннан кейін 26 ұпай жинаған «Ақжайық» екінші топта бұрынғысынша көш бастап келеді. Екінші, үшінші орындағы Екатеринбургтің «СКА-Свердловск» командасы мен Орынбордың «Локомотивінің» 21-ден ұпайлары бар.

25 желтоқсан күні «Динамо-Маяк» пен «Ақжайық» екінші ойындарын өткізеді. Бұл командалардың Оралдағы қос кездесуі де 5:5 есебімен тең аяқталған болатын.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
 

Оцените пост

0