Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:08, 24 декабря 2013

«Шахтер» еурододадан 3,6 миллион еуро табыс тапты

Blog post imageАСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат — Қарағандының «Шахтері» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде ойнағаны және Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығып, екі кездесуде тең түскені үшін УЕФА-дан барлығы 3,6 миллион еуро көлемінде сыйақы алады.

Қарағандының «Шахтері» — Еурододаның топтық кезеңінде өнер көрсеткен қазақстандық алғашқы команда, деп хабарлайды alasharena.kz.

Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен «кеншілердің» Чемпиондар лигасының да негізгі кезеңіне жолдама алатын мүмкіндігі болған. Тек плей-оффта ғана Шотландияның «Селтигіне» жол беріп қойды.

 
0