Петропавл қалалық ІІБ жаңа басшысы тағайындалды.

mvdgovkz 2013 M12 23
237
0
0
0

ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен полиция полковнигі Қанат Айтбаев Петропавл қаласы ІІБ бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен...

ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен полиция полковнигі Қанат Айтбаев Петропавл қаласы ІІБ бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен. Солтүстік Қазақстан облысы ІІД бастығы полиция полковнигі Ақан Қажыкенов жаңа басшыны жеке құрамға таныстырды және қалалық басқарманың жеке құрамының тәртіпті және заңдылықты сақтауын қатаң бақылау және жедел қызмет саласындағы барлық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуін негізгі міндеттер қатарында белгілей отырып, оның өнімді қызмет атқаруына тілектестік білдірді. Қ. Айтбаев ішкі істер органдарында 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Әкімшілік полиция бөлімшелерінде еңбек жолын бастаған, 1999 жылдың наурыз айынан бері криминалдық полицияда. 2002 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қылмыстық іздестіру бөлімшесінің бастығы қызметіне тағайындалған.

2006 - 2008 жылдар аралығында Петропавл қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімін басқарды, үш жыл бойы СҚО Айыртау ауданы ішкі істер бөлімін басқарған, 2011 жылдың шілде айынан бері Солтүстік Қазақстан облысы криминалдық полиция басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

 

Оцените пост

0
Дальше