Н. Қаппаров министрлер кабинетін су ресурстарын басқару мембағдарламасының жобасымен таныстырады

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/12/100-87/ Н. Қаппаров Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасының жобасымен таныстырады. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР...

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/12/100-87/

Н. Қаппаров Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасының жобасымен таныстырады. Бұл туралы бүгін Астанадағы брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Ертең Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкіметтің дәстүрлі отырысы өтеді. Отырыс барысында 2013 жылға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалық жұмысы жоспарының орындалу барысы талқыланады»,-деді ресми өкіл.

Оның сөзіне қарағанда, аталған мәселе бойынша ҚР Әділет министрі Берік Имашев баяндама жасайды деп күтілуде.

Сонымен қатар ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Қазақстанның су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасының жобасымен таныстырады.

   

Оцените пост

0
Дальше