Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:26, 23 декабря 2013

Қарулы Күштердің әскери қызметшілері жолда қалған 120 адамды құтқарды

Қазақстан армиясының әскери қызметшілері Қарағанды облысының аумағындағы жолда қалып қойған 120 адамды құтқарды. 36352 әскери бөлімінің құтқару жасағы қарлы боранның қақпанына түскен автокөліктерді алып шығу үшін 4 сағат бойы жол тазалаумен айналысты.

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Алматы-Екатеринбург трассасында Қарағанды қаласынан 47 шақырым қашықтықта Ақбастау кентінің маңында боранды күні 12 жүк көлігі, 10 жеңіл автокөлік, сондай ақ жүргіншілер мінген 2 автобус жолда қалған. Қар үйінділерінің биіктігі кей жерлерде 2 метрге дейін жеткен. Машиналарды эвакуациялау үшін Спассктегі оқу-жаттығу орталығының қолбасшылығы 2 автомобиль мен бір шынжыр табанды техника бөлді.

Операция табысты аяқталып, әскери қызметшілер жүргізушілердің Қарағанды қаласына дейін жетіп алуына көмектесті. Қар құшағынан құтқарылған адамдар құтқару жасағының басшысы майор Леонид Маклаковқа, сондай-ақ техникамен көмек қолын созған аға сержант Н.Тойбековке, сержант А.Землянушкин мен сержант Д.Кротовқа алғыстарын білдірді.

Қазіргі уақытта әскери қызметшілер әскери бөлімге қайта оралып, күнделікті жауынгерлік даярлыққа кірісіп кетті. Бірақ апаттық-құтқару тобы кез-келген уақытта жолда жаураған қазақстандықтарға көмекке келуге әзір.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
221
0