Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:26, 20 декабря 2013

Заңсыз аңшылыққа қарсы күрес жөнінде

2013 жылдың 16-желтоқсанында Алматы облысы, Балқаш ауданының Балатопар ауылдық округіне қарасты Ақдала ауылына жақын маңында заңсыз аң аулау  фактісі  тіркелді.

Алматы облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекцияның инспекторлары Балқаш аудандық ІІБ қызметкерлері және «Охотзопром» өндірістік бірлестігінің инспекторларымен бірлесіп жүргізген  қасақылыққа қарсы оперативтік іс шараларының барысында Балқаш ауданына қарасты Балатопар ауылының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Лэнд Крузер Прадо» автокөлігін тоқтатып тексерді.

Тексеру нәтижесінде көліктен 2 бас қарақұйрық пен 8 бас қоян еттері тәркіленіп, жиналған материалдар негізінде қылмыстық іс қозғалды.

 

ҚР қоршаған орта және су ресурстары

министрлігінің баспасөз қызметі

 
0
298
0