Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:28, 19 декабря 2013

Көкшетауда заманауи теннис орталығы ашылды

Көкшетауда заманауи теннис орталығы
Көкшетауда әлемдік стандарттармен жабдықталған теннис орталығы ашылды,

деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Жаңа теннис клубында келушілерге барлық жағдай жасалған. Онда 3 ашық және 3 жабық теннис корты бар. Олардың барлығы да заманауи кәсіби жабындылармен жабдықталған. Айта кетерлігі, бұл спорт нысаны демеушілердің қаржысына салынған еліміздегі 7-ші теннис орталығы. Бұған дейін мұндай кешендер Алматы, Павлодар, Қызылорда, Өскемен қалаларында бой көтерген болатын.

Теннис орталығының ашылу салтанатына ҚР Теннис федерациясының президенті Б.Өтемұратов, аталған федерацияның вице-президенті Әділ Бөрібаев, Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхамбетов қатысты.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
 
0
208
0