место в рейтинге
  • 129055
  • 6
  • 5
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Дін және ұлттық мүдде

Діннің қоғамдағы орны, оның сана-сезімге әсері күрде­лі, көп аспектілі мәселе. Соның бірі – дін мен ұлттық мүдде­нің арақатынасы. Біріміз халқы­мыз­дың басын біріктіретін ең негізгі күш дін десек, енді біріміз ұлттық мүддені алдыға қоямыз. Сондықтан да «діннің орны жоғары ма, әлде төр ұлттық мүддеге тиесілі ме?» дегенді талқыға салу маңызды көрінеді.

Тіл, дін, тарих, фольклор, көркем әдебиет, музыкалық мұра, отбасы тәрбиесі, әдет-ғұрып, т.б. халықтың сан ғасырлар бойы тірнектеп жинаған рухани-мәдени қазынасы жиынын «ұлттық құндылықтар» атаймыз. Ал ұлттық құндылықтарды қайткен күнде де жоғалтпай сақтап қалу және әрі қарай дамыту шаралары мен іс-әрекеттерін жинақтап айтқанда, «ұлттық мүдде» дейміз.

Жаратушы-құдірет барына шын сенім барлық ұлт, ұлыстардың жүрегін жауласа, мұны оларды таза ниетке, ізгі істер мен жарқын үмітке бастау­шы феномен деуге болады. Сол себепті дінсіздік және дін мен ұлтты бөлу жақсылыққа апармайтыны кеңестік дәуір тәжірибесінен жақсы мәлім жәйт. Әйтсе де, дін – жоғарғы рух, Құдаймен байланыс қана.

Ал, жер бетіндегі күллі қа­рым-қатынастың құралы қайсы десеңіз, ұлттық мәдениет пен құндылықтар алдыңыздан шы­ғады. Сенсеңіз, сонау ескі дәуір­дегі ақын-жыраулардан бүгінгі қазақ зиялыларына дейін тек ұлттық мүддені діттеумен келді. Айталық, Абай дін насихатшысы емес, адам жанының, қазақ мінезінің білгірі болды. Оның мұрасынан нәр алған алаш арыстарының «таза ислам» мәселесін көтергені кәне. Әрбір адам алдымен қоғам алдындағы міндеттерін орындауы керек. Алаш арысы Смағұл Сәдуақасовтың: «Қазақ елі... мақ­сатына жету үшін ең әуелі өзінің ұлт екенін біліп, ұлттығын танып алуы керек», деп жазғаны сол.

Зиялы қауым өкілдері дін­нің емес, ұлттың дамуы мен жеті­луі жолдарын қарастырды және мұсылманшылықты емес, «ұлттықты тану» деген мәсе­лені алдыға қойды. Неге? Мұны ұғындыратын Құран аяты бар: «Әй, адамзат! Бір-бірің­ді тануларың үшін сендерді ұлт­тар, ұлыстар қылдық» деген («Хұжрат» сүресі, 13-аят). Бұл арада «Сендерді сынау үшін түрліше ұлт, ұлыс етіп жараттым. Қаласам, бір-ақ ұлт етер едім» деген астар бары анық. Демек, әрбір ұлт, ұлыстардың өзіндік кейпі, бет-бейнесі, келбеті болуы – Тәңірінің қалауы. Ұлттың таңдауы, қабылдаған ісі Құдай тағала тарапынан да қабылданбақ. Діни сана мен ұлттық сана жарысында соңғының орны әрқашанда қадірлі, төрде болатыны осы жайтпен өз түсінігін табады.

Түйіп айтқанда, ұлттық мүдде басты айқындаушы күш болған және бола да бермек. Демек, діни құндылықтар ұлттық мүддеге қызмет етуі тиіс. Осы пайым дәлеліне мысал.

Баршаға аян, еврей халқы 2 мың жыл бойы тарыдай шашырап, тоз-тозы шықты. Оларды ұлт ретінде сақтап қалған құді­рет – дәстүрлі діні, иудаизм. Яғни, халықтың төл діні ұлттың мүддесіне қызмет етті. Бұл жалғыз ғана мысал емес.

Араб-ислам мәдениетінің шариғат іліміне негізделгені мәлім. Айталық, тек Құран мен Сүннәға сүйенген Мысыр, Палестина, Сирия тұрғындары бар болмысымен арабтанып кетті. Ислам мәдениеті мен араб мәдениеті қабыса табыс­ты, өзара бірегей ұғымға айналды. Міне, қазіргі «таза ислам» доктринасының араб елдерінде нық орнығуы нақ осы жайтпен өз түсінігін табады.

Ал, парсы, түркі этностары араб-ислам мәдениетіне бас иіп, оны сол қалпында қабылдауға даяр емес-ті. Олардың араб болғысы келмеді. Дін ислам тарихында талас-тартыс осыдан бастау алады. Нақты айтқанда, парсытілді әлемде шииттік, түркі­тілді әлемде сопылық қозғалыс үстемдік құрды. Бір ғажабы, бұл бөлініс әлі күнге жалғасып келеді. Исламда ағым­дар мен мазхабтардың пайда болуы да ұлттық мүдденің жемісі.

Бір сөзбен айтқанда, ұлттық мүдде мен мәдениетке дінді қарама-қарсы қою жақсылыққа бастамайды. Осы заманғы бір мысал. Жаңа діни қозғалыстардың бәрі дерлік жер жаһанға Еуропа немесе Азия мемлекеттерінен емес, тек мұхиттың арғы жағынан ағылатыны несі? Өйткені, оларға құнарлы топырақ болып отырған АҚШ – ұлттық емес, азаматтық сипаттағы мемлекет. Осыдан-ақ көп жайды аңғара аласыз.

Арамызда қазақы дәстүрлер діннен тыс деуімен араб ұлтының дәстүрін шариғатпен шатастырып жүргендер баршылық. Олар ұлттық деген дүниелерге мұрнын шүйіре қарап, онан мұсылмандық дәрежеміз кеміп қалатындай көреді. Шындығында, ұлттық (кең мағынада этностық) мәдениет дәстүрлі дінге емес, керісінше, дәстүрлі дін (мұсылмандық мәдениет) ұлттық мүддеге қызмет етеді. Дінді ұстану жолындағы ерекшеліктер ұлттық мүддеден туады. Оған мысал-дәйектер мол.

Қарап отырсақ, радикалды діни ағымдардың (мейлі христиандық, мейлі исламдық болсын) ұстанымдары ұлттық мүддеге қиғаш келіп, дін мен жергілікті салт-дәстүрді соғыс­ты­рып қояды. Жат ағымдар мен секталар нақ осы мәселеге алақанын ысқылай кірісіп, өзара тез тіл табыса қалады. Яғни, ұлт­тық құндылықтарды тәрк ету олар­дың ортақ сипаты болып табылады.

Адасқан ағымдар (салафшы, уаххабшы, такфирші, хибут­тахрирші) әлем жұртшылығын алаңдатып отыр. Исламдық теріс ағымдардың өкілдері дінде жоқ нәрсенің бәрі «бидғат» (жаңашылдық) деп тақылдайды. «Ширк» (Құдайға серік қосу) деп елді шатастырушылар өз алдына бір төбе. «Мадақ, құрмет бір Аллаға ғана лайықты» деп әулиелерді құрметтеуге, өткенге құран бағыштауға қарсы. О, тоба, тіпті зират қиратушы радикалдар да төбе көрсетті. Оларға салсаң, дінге елшіл азамат болу, ұлт мүддесі жат, ол – «мүшрік» (діннен безгендік). Би, музыка тыңдау, театрға бару, сурет салу, туған күнді тойлау – күнә, харам. Өздерін түсінгісі келмегендер – «жахилилер» (надан адамдар). Осылайша ислам атын жамылған теріс ағымдар таяз суды әдейі лайлап, терең етіп көрсетуге тырысады.

Бір сөзбен айтқанда, дәстүрлі өмір сүру формасы күпірлік, яғни діннен безу болады да шығады. Олай болса, шатақ діндердің сүйеніп жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелгі доктрина – өздерінен басқаларды дінсіз, мұсылман емес деп білу, яғни тәкфир мәселесі. Құранға сүйенген ұлы Абай: «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп», десе, тәкфірші шіркіндер өз қандасын да «кәпір» санап, жауға балайды. Шындығында, арабтың «кәпір» сөзі түпкі мағынасында, қатыгез, мейірімсіз ұғымдарын береді. Бидғат, ширк терминдері де «Құранды молда теріс оқыр» дегеннің кері.

Шатақ дін жетекшілері ту­ра­лыққа деп, сан ғасырлар бо­йы қалыптасқан мәдени құн­ды­лықтарды мойындамауға, салт-дәстүр атаулыны сылып тас­­тауға шақырады. Ата-баба жолы­на адалдық танытпау (мәселен, өл­ген адамның жетісін, қырқын және жылын бермеу, дұға қылып, құ­ран оқытпау, сол сияқты ата-ана­­ны сыйламау, бүгінгі аға бу­ын­­ға құрметпен қарамау) әділдік пе?

Екінші – ислам дінінің заңда­ры қатал орындалуын талап ету, яғни жиһад мәселесі. Шариғат заңдарын қатал орындау соңы ұрпақтар сабақтастығының үзілуіне, яғни не араб, не қазақ емес дүбәрә халыққа айналуға әкеліп соғады. Онан кім ұтпақ? Ұлы Дала төсіне ислам таза қазақи дәстүрлермен ұласып, жергілікті салт-сана, әдет-ғұрыпты сіңіре білген ханафи мазхабы бойынша таралды емес пе.

Бүгінде Ислам әлеміндегі өзінің бағытын «тура жол» деп ұғып, «шахидтік» идеяның шырмауына арбалып, құрбан болуға дейін барғандар туралы күнде дерлік естиміз. Құран аяты: «Кім ақылын пайдаланбаса, Алла соларға азапты үйіп-төгіп береді» (Юныс сүресі, 100-аят) демекші, жиһад мәселесі білместіктен, яғни аят, хадисті ақылға салмаудан, ақиқатты бұрмалаудан туады. Біреудің қанын төгу – күнәнің үлкені. «Қиянат – әділеттің дұшпаны», дейді Абай. Психолог мамандардың сөзінше, өзін өзі жарып жіберуге итермелейтін террорлық идеологияның тамыры – мейірім, махаббат сезімдерінің жетіспеушілігінен. Бұл сезімдер жоқ жерде әділдік те жоқ. Мінеки, қай қырынан қарасақ та ұлттық мүддені тәрк етіп, тек «таза ислам» ұранын көтерген «турашыл» ағымдардың зардабы мол.

Ақиқатында, ұлттық және діни құндылықтар қарама-қарсы бола алмайды. Олардың мақсаты ортақ, айналып келгенде, адам­дық тәрбиеге саяды. Екеуі де қоғамның рухани саулығы, адам­гершілік, имандылық деген асыл мұраттар бойынша бір сағаға құяды.

Асан ОМАРОВ, «Дін мәселелерін зерттеу және талдауорталығының» жетекші ғылыми қызметкері.

   
АДР РК DinGovKz
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
19 декабря 2013, 18:23
305

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38663
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 10434
  • 171
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 2339
  • 44
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 1996
  • 2
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 1854
  • 1
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Обсуждение новых условий началось ещё давно, но стоит ли ожидать качественного улучшения результатов научно-исследовательской деятельности, если система управления наукой не была модернизирована?
ermekuss
17 авг. 2017 / 12:23
  • 1692
  • 1