Солтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясында оқу полигоны ашылды

Ваш Казахтелеком 2013 M12 19
764
0
0
0

Біз АҚ Солтүстік Қазақстан облысында оқу полигонын аштық. Оқу полигоны базасында техникалық блок қызметкерлерінің өндірістік дайындығы: оқыту, практикалық машықтануы мен кәсіби шеберлігін арттыруы ...

Біз АҚ Солтүстік Қазақстан облысында оқу полигонын аштық. Оқу полигоны базасында техникалық блок қызметкерлерінің өндірістік дайындығы: оқыту, практикалық машықтануы мен кәсіби шеберлігін арттыруы   жүргізілетін болады.

Солтүстік Қазақстан ОТД Бас директоры Әлім Шүкенов өз сөзінде,- «Қазақтелеком» АҚ қызметінің замануи кезеңі», тек инженер-техникалық қызметкерлерді тез және сапалы қайта дайындауды талап ететін ғана емес, сондай-ақ қысқа мерзімде жұмысшыларды жалпы мамандыққа түпкілікті қайта оқытуды қамтамасыз етететін жаңа технологияларды  қарқынды енгізумен сипатталады. Бұл жерде талшықты оптикалық сияқты ең бір нәзік замануи технологиялар жұмысына кәбілшілерді практикалық машықтандыру мен жұмыс істеуге оқыту туралы айтылып тұрғанын - атап айтты.

Оқу полигонына Солтүстік Қазақстан ОТД мамандарын дайындау және қайта дайындау үшін оқу класы мен практикалық сабақтар өткізу орны кіреді. Оқу класы соңғы қондырғыларды көрсететін ақпараттық стендтермен жабдықталған, Солтүстік Қазақстан ОТД желісінде қолданылатын сымдар, кәбілдер түрі ұсынылған, талшықты-оптикалық байланыс желіжолын пайдалану және кәбіл канализациясындағы жұмыс жөнінде ақпарат  орналастырылған,

Техникалық ментор Михаила Егоровтың айтуынша, байланыс талшықты-оптикалық желіжолы технологиясы – барынша қиын және оны желіге жаппай енгізу үшін қызметкерлерді тез және сапалы қайта оқыту қажет. «Практикалық сабақтарға негізделіп әзірленген оқу курсы  қиын теориялық материалды түсінуге және игеруге мүмкіндік береді. Практикалық сабақтар өткізілетін жерлерде модельдер емес, нақты телекоммуникациялық жабдық ұсынылған: тарату шкафы, көше үлгісіндегі тарату және басқада қораптар бар, - деді өз сөзінде..

Оқу полгионында бір мезгілде 70 дейін адам оқуға мүмкіндік бар.

 

Оцените пост

0