Akparat 2013 M12 18
1421
0
0
0

Тележұлдыз болғыңыз келе ме? Міне, оның ең оңтайлы сәті түсіп тұр. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Әйел бақыты» бағдарламасы кастинг жариялайды. Жаңа жылдан бастап бағдарлама жаңа форматпен...

Тележұлдыз болғыңыз келе ме? Міне, оның ең оңтайлы сәті түсіп тұр.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасындағы «Әйел бақыты» бағдарламасы кастинг жариялайды.


Жаңа жылдан бастап бағдарлама жаңа форматпен шығатын болғандықтан, жүргізушілікке ер-азамат қажет.

Жасы 35-тен асқан ер-азаматтардың өз мүмкіндігін сынап көруіне болады. Кастинг 18 желтоқсаннан бастап, сағат 14:00-де Астана қаласы, Д.Қонаев көшесіндегі 4 үйде, «Қазмедиа орталығы» ғимаратында өтеді.

Редакция телефоны: 8 (7172) 55-33-86, 55-38-24, 55-32-86.


«Әйел бақыты» - дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 14:55-те тікелей эфирде шығатын бағдарлама. Бұл ток-шоуға қазіргі күннің алғыр бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің бастарынан өткен шынайы оқиғалары арқау болады. Сонымен қатар, бағдарламада бүгінгі қоғамдағы әйелдерге қатысты проблемалар талқыланады.

   

Оцените пост

0
Дальше