Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
06:30, 18 декабря 2013

Қарулы Күштерде жас буын ант қабылдады

Blog post imageҚазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жас сарбаздар әскери ант қабылдады. 2013 жылдың күзінде төл Армиямызға әскери қызметке шақырылған мың жарымға жуық мерзімді қызметтің әскери қызметшілері Отанға адалдыққа серт берді.

 

Әскер қатарына жаңадан алынған жас жігіттер Тараз, Талдықорған, Қапшағай, Приозерск қалаларында, Отар, Боралдай кенттерінде Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің арнайы әскерлер мен байланыс әскерлерінің бөлімдерін толықтырды.

ҚР Қарулы Күштерінің қатарына жаңа қосылған әскери қызметшілердің ант қабылдауы салтанатты жағдайда өтті. Рәсімге командирлер мен қызметтестерден басқа шақырылған қонақтар мен ата-аналар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ардагерлер қатысты.

Мерзімді қызметтің сарбаздары ант қабылдағаннан кейін кіші мамандарды даярлау бағдарламасы бойынша жауынгерлік оқуға кірісті. Жарты жылдан кейін олар артиллеристер, танкистер, байланысшылар, атқыштар және т.б. мамандықтар алып шығады. Оқу-жаттығу орталықтарында даярлықтары аяқталған соң мерзімді қызметтің әскери қызметшілері ҚР Қарулы Күштері түрлері мен әскер тектерінің әскери бөлімдеріне бөліп таратылатын болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
320
0