Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:47, 17 декабря 2013

«Astana Arlans» WSB жаңа маусымында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты

«Astana Arlans» WSB жаңа маусымында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты

«Astana Arlans» боксшылар клубы Дүниежүзілік бокс сериясында Кубаның «Cuba Domadores» командасынан — 2:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

Мирас Жақыпов 52 келі салмақ дәрежесінде Херардо Сервантестен басым түсті — 3:0 (48:47, 48:47, 48:47), Жандос Момынов (60 келі) Хорхе Ласаро Альвареске жол беріп, 0:3 (46:49, 46:50, 45:50) есебімен жеңілді, Бақытжан Қожабеков (69 келі) Ариснойдис Диспейннен техникалық нокаутпен жеңілді, Хрвое Сеп (81 келі) Хулио Сезар Ла Крустан айласын асыра алмады, есеп — 0:3 (46:48, 46:48, 47:49), ал Филип Хргович (+91 келі) үшінші раундта Хосе Анхель Лардуетті техникалық нокаутпен жеңді.

10 қаңтарда «Astana Arlans» Польшада «Hussars Poland» командасымен кездеседі.

 
0
145
0