Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:41, 17 декабря 2013

Тәуелсіздік алғалы қанша Олимпиада чемпионы шықты?

Blog post image

Еліміз Тәуелсіздігіне қол жеткізгелі алты Ақ Олимпиадаға және алты жазғы Олимпиа­да ойындарына қатыс­ты.

Бірақ осының 10-ына егеменді ел ретінде қатысып, алғашқы екеуіне (Альбервиль-92 және Бар­селона-92) ТМД-ның біріккен командасы құрамында қатыстық. Себебі Кеңес үкіметі ыдырап, әр мемелекет тәуелсіздігін жариялап, дербес шаңырақ көтере бастағанда 1992 жыл есіктен аттап, КСРО құрамындағы 15 елдің спорттық ведомстволары өз мәртебелерін бекітіп үлгермеген болатын.

Жалпы, осы 12 Олимпиада ойындарынан Қазақ­стан спортшылары 18 алтын олжалады. Оның 17-сіне жазғы Олимпиада ойындарынада қол жеткізсек, Ақ Олимпиададан әзірше бір-ақ алтын еншіледік, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

 
0
369
0