Akparat 2013 M12 15
1434
0
0
0

Корей, түрік сериалдарын сатып алу сап тыйылатыны жөніндегі ақпараттан соң алаңдап қалған көрермендердің уайымдауына негіз жоқ. Қазірдің өзінде "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы бірнеше отандық...

Корей, түрік сериалдарын сатып алу сап тыйылатыны жөніндегі ақпараттан соң алаңдап қалған көрермендердің уайымдауына негіз жоқ. Қазірдің өзінде "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы бірнеше отандық кинотуындыны ұсынып үлгерді. Келешекте олардың қатары тіпті көбейе түспек. Тағы бір телехикая түсіріліп жатқаны туралы хабарламақпыз бүгін.

«Жедел жәрдем» - 24 сериядан тұратын көркем телехикая. Түсірілімнің басталғанына екі ай болды.

Жанры жағынан медициналық драмаға жатады. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде түсірілуде.

Басты кейіпкері - Ермек атты дәрігер.

Мақсат - Ермектің рөлі арқылы денсаулық сақтау саласындағы соңғы жаңалықтарды және соны технологиялармен емдеу жайын жұртшылыққа жеткізу.

Фильм сюжетінен аздаған ақпарат беріп өтер болсақ.

Ерлі-зайыпты Ермек пен Алма үлкен медициналық орталықта бірі кардиолог, бірі акушер-гинеколог болып жұмыс істейді. Ермек жүрек ауруымен операцияға түскен өз қызының өмірін сақтап қала алмайды.

Қайғыға төзе алмаған ерлі-зайыптылар ажырасуға дейін барады. Бірақ, екеуі бір-бірін еш ұмыта алмайды. Араға он жыл салып, олар жүрек ақауынан зардап шеккен қыз баланы асырап алуға бел буады...

Түсірілім жұмыстары аяқталуға жақын. Ұлттық телеарна телехикаяны алдағы жылдың наурыз айында ұсынуды жоспарлап отыр.

   

Оцените пост

0
Дальше