Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:38, 14 декабря 2013

ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Тәуелсіздік күнінің құрметіне арналған салтанатты жиналыс өтті

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс болды. Бұл мерекені Қазақстан Қарулы Күштерінің жеке құрамы жауынгерлік даярлықтағы жетістіктерімен қарсы алуда, соның нәтижесі ретінде өткізілген түрлі оқу-жаттығуларды, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға бағытталған басқа да іс-шараларды айтуға болады.

 
Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков жиналған генералдар мен офицерлерді, сержанттар мен азаматтық персоналды мемлекетіміздің басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
– 16 желтоқсан – барлық қазақстандықтар үшін, біздің бәріміз үшін ең маңызды күн. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында бірегей қазақстандық даму моделі қалыптасты. Қазақстан дамыған елдердің қатарынан орын алды. Жоғарғы Бас Қолбасшының тікелей басшылығымен қазіргі уақытта Қарулы Күштеріміз биік деңгейге көтерілді. Біз егемендікті сақтауға, бейбіт елді қорғауға әрқашан дайынбыз, – деді Қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбеков.
Салтанатты жиында ҚР Қорғаныс министрі мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайтуда ерекше көзге түскен ҚР ҚК әскери қызметшілері мен қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар – ІІ дәрежелі «Айбын» орденін полковник Талғат Қасымбаевқа, полковник Виктор Ходалевке,  капитан Тілектес Летвенге табыс етті. «Құрмет» орденімен ҚР ҚК қызметкерлері Қаныш Әубәкіров пен Асқар Есенғараев наградталды. 2-сыныпты сержант Ержан Садықов «Ерлігі үшін» медалімен, капитан Тимур Жартыбаев, капитан Азамат Болат, аға сержант Айдын Қалиолдин, сержант Мирас Нурко және ефрейтор Марат Түсіповтер «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталды.
Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Жарлығымен Қорғаныс министрлігінің 30 әскери қызметшісі мен қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрінің бұйрығымен Қарулы Күштердің бірқатар әскери қызметшілеріне мерзімінен бұрын әскери атақтар мен грамоталар берілді. Салтанатты жиын соңы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің концертіне ұласты.
 
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі
0
317
0