Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығына байланысты іс-шаралар бойынша БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

mvdgovkz 2013 M12 13
429
0
0
0

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығына байланысты Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов, ішкі істер органдары...

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығына байланысты Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Демеуов, ішкі істер органдары қызметкерлері мен ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара болып өтті.

Мереке қарсаңында ІІМ клубының холында министрліктің  қызметкерлері балаларының өз қолымен дайындаған суреттері мен шығармашылық туындылардан жасалған  «Біз – Қазақстанның болашағы!» атты балалардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

Мереке күні ішкі істер органдарында ерекше көзге түскен қызметкерлер мен ардагерлерді мадақтау мақсатында салтанатты жиналыс өткізілді. Іс-шара соңынан ІІМ Мәдени орталығы мен Ішкі әскер комитетінің Ән-би ансамблі бірлесе отырып, мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығы қарсаңында ішкі істер органдарының 569 қызметкерлері мадақталды.

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

 

Оцените пост

0