Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:58, 12 декабря 2013

Қызылордалық таеквондошылар Тайпейде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды

Қызылордалық таеквондошылар

Павлодар қаласында жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында қызылордалық таеквондошылар 10 жүлде иеленді.

Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтынан хабарланды.

Оған еліміздің барлық өңірінен 16 команда, 250 спортшы қатысқан. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, ел біріншілігінде қызылордалықтар жақсы нәтиже көрсетіп, 10 жүлдемен жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. 42 келі салмақ дәрежесінде Динара Әбдіржан, 52 келіде Айнұр Есбергенова (екеуі де №1 ОМБЖОРМ), 59 келіде Гүлжайна Мұхтарова (спорт интернат) мен Нұрғиса Жолдас (№1 ОМБЖОРМ) ел чемпиондары атанды. 49 келіде Жазира Сапарбек (№2 ОМБЖОРМ), 52 келіде Перизат Жұбанова (Қазалы қалалық БЖСМ), 59 келіде Аружан Әбдіқадыр (Көкшоқы БЖСМ) күміс жүлдені иеленді. Ал 44 келі салмақта Гүлмарал Ибрагимова (Көкшоқы БЖСМ), 55 келіде Арайлым Ниятова (Арал БЖСМ) мен 78 келіде Нұрлыбек Жарқынбек (спорт интернат) қола жүлдегер атанды.

«Қызылорда облысының спортшылары 4 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль иеленді. Осы жарыстан Динара Әбдіржан, Гүлжайна Мұхтарова, және Нұрғиса Жолдас Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын орындады. Спортшылар екі ай дайындалып, сенімді ақтады. Жеңімпаз атанған 4 спортшымыз келесі жылы Тайпейде болатын Әлем чемпионатына жолдама алды», — дейді таеквондодан облыстың аға жаттықтырушысы Нұрлыбек Сухан.

Ел чемпионатында бірінші орынды Алматы қаласы алса, үшінші орында Атырау мен Павлодар облыстары тұр.

 
0
404
0