Ертең «Қазақстан бокс федерациясы Кубогы» сарапқа салынады

Kazsport agent 2013 M12 12
416
0
0
0

Желтоқсанның 14-15 күндері Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде «Қазақстандық бокс федерациясы Кубогы» республикалық жарысының жартылай финалы және финалы өтеді. Төртінші рет ұйымдастырылып...

Қазақстан бокс федерациясы Кубогы

Желтоқсанның 14-15 күндері Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде «Қазақстандық бокс федерациясы Кубогы» республикалық жарысының жартылай финалы және финалы өтеді.

Төртінші рет ұйымдастырылып отырған дода ел боксының 80 жылдық мерейтойына арналады.

Желтоқсанның 14-не сағат 15.00-де Астана қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысының командалары жартылай финалда өнер көрсетеді. Ал, бұл күннің екінші кездесуінде Қарағанды облысы және Маңғыстау облысының боксшылары рингке шығады.

Жартылай финалға қатысатын төрт команданың үшеуі бұған дейін Қазақстандық бокс федерациясының жүлделерін ұтып алған. Астана қаласының құрамасы — 2010 жылы, Қарағанды облысының командасы — 2011 жылы, Маңғыстау облысының өкілдері — 2012 жылы Кубогқа ие болды. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы екі рет (2010, 2012 ж.ж.) осы жарыстың финалына қатысты.

«Қазақстандық бокс федерациясы Кубогы» республикалық жарысының жартылай финалының барысында тұңғыш рет үш салмақ дәрежесі бойынша әйелдер арасындағы жекпе-жектер өтеді. Ал келесі жолы әйелдер құрамасы ерлер құрамасымен тең дәрежеде өнер көрсететін болады, деп хабарлады alasharena.kz.

 

Оцените пост

0
Дальше