Тәртіп сақшылары жастарға бағыт-бағдар беруде... (ФОТО)

dvd_sko 2013 M12 12
955
0
0
0

СҚО ІІД кадрлар жұмысы басқармасының қызметкерлері М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және ҚР ІІМ ішкі әскерінің 6637 әскери бөлімшесінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын...

СҚО ІІД кадрлар жұмысы басқармасының қызметкерлері М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және ҚР ІІМ ішкі әскерінің 6637 әскери бөлімшесінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын өткізді.

Барлық кездесулердің көздегені – әскери қызметке шақыру болып табылады. Полиция басқармасы кадрлық аппаратының қызметкерлері, оқу орындарының түлектері және мндетті әскери қызметтегі сарбаздармен кездесулер ұйымдастырып, оларға полиция қызметінің негізгі ұғымдары туралы әңгімелеп, жұмысқа орналасу тәртібі туралы мағлұмат берді.

«Құқық қорғау органдарына қабылданатын азаматтарға міндетті түрде медициналық куәландыру, әскери-дәрігерлік комиссия алдынан өту талабы қойылады. Ал заңмен еңбекке қабілетсіз немесе қабілеттілігі шектеулі тұлға құқық қорғау органдарына қызметке орналаса алмайды»-деді, кездесуге қатысқан СҚО ІІД кадрлық жұмыс басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Қорған Төлебаев.

Кездесу барысы қарама-қарсы бағытта өрбіді. Мысалы, СҚМУ заң факультетінің 4 курс студенттері қазіргі полицейлердің жұмыс кестесі, аттестациялаудан өту тәртібі, еңбек ақы мөлшері, үстеме ақыларға қатысты сауалдарын жолдады. Студенттердің көкейіндегі бұл сұрақтарға ІІД кадрлық жұмыс басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Аян Ашімов өз кезегінде толық жауап берді.

Осыған қоса, Петропавл қаласы ІІБ кадрлық жұмыс бөлімінің инспекторлары ҚР ІІМ ішкі әскері 6637 әскери бөлімшесінің міндетті әскери қызметтегі сарбаздарымен кездесті. Болашақта патрульдік бөлімшелердің қатарын толықтыруға мүмкіндіктері жоғары болғандықтан, сарбаздарға ерекше көңіл бөлінді. Оларға ішкі істер органдарына қызметке қабылдау туралы ереже жайлы айтылды.

Тәртіп сақшылары ішкі істер органдарына қызметке орналасуға ниет білдірушілерге, Петропавл қ. Алматы көшесі, 55 немесе мекенжай бойынша полиция бөліміне хабарласу қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар, қызметке қабылдау туралы толық ақпарат облыстық ішкі істер департаментінің ресми сайтында «Кадрлық жұмыс басқармасы» бөліміне өнгізілген.

Ерлан Махметов,

СҚО ІІД баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше