«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы

mvdgovkz 2013 M12 12
1573
0
5
0

Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен ағымдағы жылдың 25 қарашасынан бастап 10 желтоқсан аралығында «Үйдегі тыныштықтан...

Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен ағымдағы жылдың 25 қарашасынан бастап 10 желтоқсан аралығында «Үйдегі тыныштықтан Жер бетіндегі бейбітшілікке - әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатайық!» ұранымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын жүргізді.  

Акцияның негізгі мақсаты көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, алдын алу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен таныстыру, сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің №1325 Қарарының халықаралық құжаттарын зерделеу болып табылады.

Акцияны жүргізуге 25 мыңнан астам адам, оның ішінде 17 мың полиция қызметкері, 900 астам жергілікті атқарушы, білім беру органдарының, облыстардың әкімдіктері жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі комиссияның өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ волонтерлер, ЖПИК өкілдері мен консьержілер тартылды.

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескерту, жолын кесу, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жасауға бейімді адамдармен жеке-профилактикалық жұмысты жүзеге асыруға бағытталған жүйені қалыптастыру, сондай-ақ әйелдердің өздерінің құқықтық білімін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықтың бұқара тобын таныстыру үшін (буклеттер, жадынамалар, биилбордтар, және плакаттар) ақпараттық материалдарының 174 мыңнан астамы әзірленіп, 7 мыңнан астам іс-шаралар, оның ішінде оқу орындарында, ұйымдар мен басқа да мекемелерде  таратылды.

Полиция қызметкерлері 18 мың есептегі адамдарды тексерді. Акция шеңберінде 48 мыңнан астам әкімшілік учаскелерді аралау жүзеге асырылды, халыққа 142 мыңнан астам бүктемелер мен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Әкімшілік кодекстің баптарының түсіндірме жадынамалары таратылды.

 

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті

 

Оцените пост

5
Дальше