Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:46, 12 декабря 2013

Денис Тен Универсиадаға қатыспайды

Денис Тен

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен бүгін Италияда байрағын желбірететін бүкіләлемдік Қысқы Универсиадаға қатыспайтын болды.

20 жастағы жерлесіміз Трентино қаласында өтетін Универсиаданың алтынынан басты үміткерлердің бірі саналған еді. Енді ел намысын мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында жалғыз Абзал Рақымғалиевқана қорғайтын болады.

Естеріңізге сала кетсек, Денисті соңғы уақытта арқасынан алған жарақаты мазалап жүрген болатын. Дегенмен Италиядағы 11-21 желтоқсан аралығында өтетін Қысқы Универсиадаға қатыса алмауының себебі белгісіз болып отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

 
0
224
0