• 102925
  • 69
  • 6
Нравится блог?
Подписывайтесь!

ЭКСПО-2017-ге дауыс беруден кейінгі жыл – баспасөз мәслихаты жөнінде есеп

Кеше Астана қаласында ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық барысы туралы есептік баспасөз мәслихаты өтті. Бұл іс-шараның өткізілуі туралы жарнаманы мен өтіп кеткен посттардың бірінде жасаған едім, енді баспасөз мәслихатында қарастырылған мәселелер жөнінде айтатын уақыт келіп жетті. баспасөз мәслихатына ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рапіл Жошыбаев және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Басшысы Талғат Ермегияев қатысты.

Ең алдымен жиналған журналистер ағымдағы жылы ЭКСПО-2017-ге дайындық шараларына байланысты елеулі оқиғалармен танысты. Ұйымдастырушылар бұндай оқиғалар санатына көрме кешенінің ең жақсы нобай-жобасына халықаралық сәулет конкурс өткізуді, ЭКСПО бойынша заң жобасын қабылдауды, мемлекеттік комиссияда Тіркеу дерекнамасын әзірлеу және бекітуді, көрменің жаңа логотипін таңдауды жатқызды. Бүгінгі күні ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық бойынша он жұмыс штабы құрылды. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ жанында ЭКСПО-2017 инфрақұрылымын дамыту және объектілерін салу жөніндегі штаб жұмыс жасайды. Сонымен бірге, «ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу жөніндегі дирекциясы» ЖШС жанында қаланың инфрақұрылымын дамыту және объектілерді салу штабы қызмет етеді.
Энергияның жаңғыртылатын көздерін пайдалануды және инвестицияларды тартуды, сондай-ақ туризмді дамытумен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, ғылыми және кадрлық қамтамасыз етумен ҚР Білім және ғылым министрлігі айналысады. Штабтардан бөлек, «ЭКСПО-2017»-ге шетелдік қатысу жөніндегі жұмыс тобы құрылды. –«Топтың негізгі міндеті – Қазақстанның имиджін көтеру, туризмді дамыту, қазақстандық және шетелдік қатысушылар мен келушілерді тарту, сондай-ақ олармен Қазақстанда болған кезінде жұмыс істеу», - деп хабарлады өзінің сөзінде Қазақстан Ресспубликасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбсары Рапіл Жошыбаев. 2013 жыл бойы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу шеңберінде Р. Жошыбаев бірқатар елдерде болып қайтты. ЭКСПО-2017 комиссары жұмыс сапарымен Ұлыбритания, Австрия, Германия, Италия, Қытай, Латвия, Оңтүстік Корея, Францияға барып, «ЭКСПО-2017» жобасы бойынша алдын-ала келіссөздер жүргізді.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Басшысы Талғат Ермегияев халықаралық көрме объектілерінің құрылысына қатысты болашақтағы жоспарлармен бөлісті: «2014 жылғы көктемде ЭКСПО-2017 объектілерінің құрылысы басталады. Бұл үлкен жауапкершілік екенін түсінеміз. ЭКСПО-2017 ұлттық масштабтағы оқиға, және дәл осы жағдайда, Қазақстан азаматтарының белсенді қатысуы оның сәтті өтуінің кепілі. Өз тарапымыздан біз ЭКСПО-2017-ні бүкіл әлемге ең жоғары деңгейде таныту үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз!».
Талғат Ермегиявтің айтуынша мамандандырылған көрме болғандықтан ЭКСПО-2017 барлық павильондары мен объектілерінің құрылысын Қазақстан жүргізеді. – «Бұл мамандандырылған көрме екенін түсіну керек, яғни ешкім (шетел өкілдері) өз павильонын салмайды, барлық павильондар мен объектілердің құрылысын біз жүргіземіз. Ал елдер өз өнімін ұсынатын павильондарды қаржыландыру жұмыстары ЭКСПО-ның ресми туын алғанымыздан кейін басталады. Әмбебап көрмелерде нысандарды мемлекеттің өзі салады. Яғни ол кейін ысырылатын уақытша ғимарат болады». Астанадағы ЭКСПО-2017 объектілерінің құрылысы шар тәрізді имаратты салудан басталады. – «Ең алдымен, инженерлік желілерді көшіру, жер жұмыстарын жүргізуден бастаймыз, жылдың соңына қарай нөлдік циклге көшуге тиіспіз. Бар назарды бірегей ғимарат «Шарға» бөлеміз. Бұл орталықта орналасатын әлемде жоқ негізгі ғимарат» - деді Т. Ермегияев.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бас сәулетшісі Айдар Мараттың айтуынша, тиімді материалдық реттегіш қасиетіне және құрылымына байланысты шар –табиғатта ең көп таралған формалардың бірі.
«Қазақстандық павильонның нобайы табиғаттан шабыт алуға, болашақ экологиялық нобайды қалыптастыруға мүмкіндік береді», - деді А. Марат.
Көрме 2017 жылы қазақстандық елордаға миллиондаған туристерді тартады деп жоспарланып отыр, сондықтан жұмыстың үлкен көлемі осы бағытта жүргізілуде. Бірінші кезекте бұл инфрақұрылымды даярлау: Астана халаықаралық әуежайының екінші терминалын салу, келер жылы жаңа теміржол вокзалының құрылысы басталады, жүрдек автобус қатынасы жіберіледі, экотакси және басқа қызметтер дамытылады. Журналистерге айтқан сөзінде Рәпіл Жошыбаев ЭКСПО-2017 өткізілуіне орай Астана бағытындағы халықаралық әуе рейстерінің санын көбейту жоспарлануда деді.
Сонымен бірге, Қазақстан астанасының қонақтары үшін туристік пакет – қызықты мәдени бағдарлама әзірленеді, ол көрмеден бөлек көрсетіледі. ЭКСПО-2017 павильондарын үлестіру жұмыстары ресми туды алғаннан кейін басталады.
- «Қазіргі таңда елдерге көрмеге қатысу ұсынысын жасай алмаймыз, олар мұны біледі, дегенмен алдын-ала келіссөздерді жүргізіп жатырмыз. Әзірге тұжырым толық бекітіліп, тіркеу дерекнамасы мақұлданған жоқ, біреуге павильондарды, орындарды беруге уәделесуге құқымыз жоқ. Бұның барлығы тіркеу дерекнамасы мен ресми туды алғаннан кейін жүргізіледі», - деп хабарлады Талғат Ермегияев.
Қазақстандықтардың көпшілігін мазалайтын маңызды мәселелердің бірі ЭКСПО-2017 өзін-өзі өтеу және оны өткізуге жұмсалатын жалпы шығын сомасы. Халықаралық көрме еліміздің бюджетіне ауыр жүк болып жүрмей ме.
Бұл арада «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы журналистермен қоса республикамыздың өзге азаматтарын да тыныштандыруға асықты. Оның айтуынша ЭКСПО-2017 көрмесіне жұмсалатын операциялық шығындар толығымен өтеледі.
- «Көрме өткізуден түсетін болжамды табысты біз әзірге есептеген жоқпыз. Қазір екі компаниямен жұмыс істеп жатырмыз, олар екі айдың ішінде болжамды экономикалық нәтижені, қанша адам келетінін және қанша кіріс кіретінін есептеп шығарады. Операциялық шығындарға 283 млн еуро жұмсаймыз, шыққан шығыс көрмені ұйымдастырып, өткізу кезінде толығымен өтеледі. Бұл сандардың барлығы тіркеу құжаттамасында бар», - деп хабарлады Талғат Ермегияев.
«Ал туризмнен, түрлі ұйымдардың жұмысынан келетін мультипликативтік нәтижені біз талдау материалдарын алып, ресми түрде орналастырған кезде, екі айдан кейін білеміз. Бұндай есептер жүргізу үшін мамандандырылған компания керек, ол барлық сектор, экономика және әлеуметтік сала тұрғысынан есептеп шығарып бізге тапсыру керек. Менің ойымша, екі айдан кейін бұндай сандар қолымызда болады»,- деп толықтырды ол.

Соңында баспасөз мәслихатын ұйымдастырушылар ЭКСПО-2017 ресми туын Қазақстан маусым айында алуы мүмкін деді.
«Бір жыл ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. 2014 жылды біз қиын жыл дер едік. Біріншіден, тіркеу құжаттамасын қорғаймыз, қазір біз Халықаралық көрмелер бюросы арқылы барлық елдермен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қандай да бір ескертулер, пікірлер түсуі мүмкін, сондықтан ол құжаттаманы түзетіп отыруға тиіспіз. Мақұлданған кезде біз маусым айында ресми туды аламыз. Сол кезде қатысушы елдерді тарту жұмыстарын жүргізе бастаймыз», - деп хабарлады Талғат Ермегияев.
«Компанияның 2013 жылғы негізгі міндеті барлық мемлекеттік органдарда қорғалып, мемлекеттік комиссияда бекітіліп, Халықаралық көрмелер бюросына жіберілуі тиіс тіркеу құжаттамасын әзірлеу болып табылады. Ол құжатты мемлекеттік комиссия бекітіп қойды, енді ХКБ-ге жолдаймыз», - деп толықтырды Талғат Ермегияев.
Жалпы, Талғат Ермегияев қорытындылағандай, ЭКСПО-2017-ге дайындық жылы ретінде 2013 жыл жемісті өтті, барлық базалық жұмыстар жасалды, Мемлекет басшысы қойған міндеттер толық көлемде атқарылды.
Баспасөз маслихатында көтерілген мәселелердің бары осы сияқты, соңында өзге дереккөздерден алынған жаңалықтарға тоқталсам деймін.Алматы қаласы да ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің өткізілуіне байланысты туристер легін күтуге дайындалып жатыр. Жуырда өткен брифингте Алматы қаласының Мәдениет басқармасының басшысы Қайрат Құлбаев «Астанаға 5 млн-нан астам адам, елге 500 мың шетел туристері келеді. ЭКСПО-2017 дирекциясымен бірлескен жобаларды жоспарлап отырмыз. Шетел туристеріне ұсынатын нәрсеміз көп, болашақта алматылық ұсынысты ұсына аламыз. Бүгінгі форумда «Көк-Жайлау» тау шаңғы курортын, сондай-ақ «Боралдай» тақырыптық парк жобаларын қарастырдық. Осы жерлерді біз қонақтарға көрсете аламыз. Осы бағыттағы жұмыс қланың туризм басқармасымен жүргізіліп жатыр.
Сол брифингте Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ербол Шорманов көрмені өткізу мерзіміне қарай мегаполис «ЭКСПО-2017» көрмесінің «Болашақ нергиясы» тақырыбына сәйкес келетін көшені жарықтандырудың жаңа форматына көше алатынын хабарлады. – «Біз жасыл экономика бойынша бірқатар жобаларды іске асырып жатырмыз, соның ішінде көшені жарықтандыру жобасы. Қала қонақтары, көшені жарықтандыруды жаңартқанымызды өз көздерімен көре алады. Осылайша, ЭКСПО-2017 өткізуге өз үлесімізді қосамыз», - деп хабарлады Е. Шорманов.
Жеңіл рельсті трамвай желісі (ЭКСПО-2017 өткізу қарсаңында Астанада құрылысы жоспарланған) салынбайтын болар, оны құны арзанырақ арнайы жолдармен жүретін жүрдек автобус қатынасы алмастырады.
Жеңіл рельсті трамвай желісінің құнын Президент Нұрсұлтан Назарбаев құптамады. Әуежайдан Абу-Даби Плазаға дейін құрылыстың бірінші кешенінің өзіне 235 миллиард теңге қажет, ал қаланы толық қамтитын ЖРТ жүйесінің (арнайы жолдармен жүретін жүрдек автобус қатынасы) құны 135 миллиард теңгеден аспайды.

Otegen7
6 декабря 2013, 6:09
1081

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

Нет ничего более вдохновляющего, чем видеть стада сайгаков. Не зря их называют «киелі»

В начале 2000-х годов в уральской популяции оставалось только 2500 сайгаков. Сейчас благодаря охране от браконьеров их численность выросла до 100 тысяч.
theYakov
17 июля 2017 / 17:55
  • 8658
  • 3
Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в Казахстане: мужчина платит всегда

Ресторанный консенсус в этой стране таков, что если речь идет именно о свидании, то оплачивает его на 100% из 100 именно мужчина. Пытаться его расшатать - это достаточно дорогое удовольствие.
convoluted
17 июля 2017 / 15:32
Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Решили рискнуть и обратиться к риэлторам. И этим людям мы доверяем свой ночлег?

Звоним риэлтору, говорим, верните наши 15 000 тг, так как ваша клиентка нас кинула. По его словам, он вернуть деньги больше не может. Не имеет право.
decorus
17 июля 2017 / 14:48
  • 3050
  • 15
Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

Польша – страна простых решений. Почему они смогли, а мы еще нет?

В Польше вообще очень много понятного и простого – инфраструктура, коммуникации и дороги прежде всего, льготы в образовании, поляки вообще получают его бесплатно. А урожай побольше нашего.
Shimanskaya
17 июля 2017 / 16:08
  • 3196
  • 37
Один из способов выиграть суд против коллекторов

Один из способов выиграть суд против коллекторов

Сегодня в своем посте я постараюсь рассказать, как выиграть суд против некоторых коллекторских компании в нашей стране. Чем отличается коллекторское агенство от обычного банка?
Advokot
18 июля 2017 / 15:31
  • 2671
  • 9
«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

«Язык мой – враг мой», или 7 причин никогда не разговаривать с полицией

На этот раз пост очень важный и необходим к прочтению каждым! Не поленитесь и уделите время прочтению. Ни в коем случае, не разговаривайте с полицейскими до прихода вашего адвоката!
asselsabekova
18 июля 2017 / 14:19
  • 2722
  • 31
«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

«Алматы – город, летящий под откос», или Кто заказал утку у российского блогера

Некий блогер Сергей Никитский неустанно пишет о Казахстане, Астане, Экспо и посвящает два материала Алматы, причём подчёркнуто называет город Алма-Ата.
Langdon
19 июля 2017 / 15:44
  • 2583
  • 50
Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Госорганы, ответственные за жизни детей, хранят молчание. У них в отчетах все хорошо

Вчера все информационные агентства страны передали сообщение, которое заставило забиться в ужасе сердца всех матерей страны. В мусорном контейнере города Сатпаев было обнаружено тело новорожденной девочки.
AliyaSadyrbaeva
19 июля 2017 / 11:06
  • 2080
  • 17
Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Книга, которая сэкономит вам 150 тысяч долларов и два года жизни

Автор утверждает, что программы МБА не дают никакого позитивного выхлопа, если ты уже не являешься владельцем или наследником прибыльного бизнеса. Знания МБА можно получить бесплатно, уверяет он.
Aks_Ras
19 июля 2017 / 16:28
  • 2166
  • 2