Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:50, 11 декабря 2013

Қаржы полициясы контрафактілік шемішке саудасының жолын кесті

Қарағанды облысы қаржы полициясы Департаментінің қызметкерлері 2013 жылдың қыркүйегінде жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қарағанды базарларының бірінде заңсыз, контрафактілік шекілдеуік өнімдерінің сатылымға шығарылғанын анықтады. Тауар Астана қаласынан әкелінген.
«Джин» (Ресей, Челябинск қаласы) сауда белгісі бар  жалған шемішке өнімдерін Қарағандының көтерме базарына В.Юсупов жеткізген.
Контрафактілік тауарды ол М.Насыровтан сатып алған. Тергеу барысында М.Насыровтың төрт ай бойы аталған контрафактілік өнімді Астанадан Қарағандыға тасымалдаумен айналысқаны мәлім болды.
Нәтижесінде жалпы сомасы 1,7 млн. теңге құрайтын,14,5 мыңнан астам қаптамадағы тауар тәркіленді.
Шекілдеуіктердің қаптамасында өнімнің дайындалған күні мен штрих-коды көрсетілмеген.
Тауар нарықтық бағадан  12% төмен бағамен саудаға шығарылған. Контрафактілік өнім 75 теңгеден (қаптама салмағы 70 гр) және 145 теңдеген (қаптама салмағы 140 гр) сатылған. Ал «Джин» шекілдеуіктерінің нарықтық бағасы сәйкесінше 91 теңдеген және 179 теңгені құрайды.
Аталған факті бойынша 11 қазан мен 24 қарашада М.Насыров пен В.Юсуповқа қатысты ҚР ҚК 184-бабы, 4-бөлігінің «б» тармағымен 2 қылмыстық іс қозғалды.

0
286
0