Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:09, 11 декабря 2013

Әділбек Жақсыбеков Астанадағы әскери және азаматтық мақсаттағы арнайы машиналарды өндіретін жаңа зауытта капсула-құты қондыру рәсіміне қатысты

Бүгін Астанада Елордада ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен әскери және азаматтық мақсаттағы арнайы машиналарды шығаратын жаңа зауыттың капсула-құтысын қондыру рәсімі өтті.

Жоба шеңберінде 2015 жылға қарай «Астана – жаңа қала» еркін экономикалық аймағына кіретін Индустриялық парк аумағында бір жылда 120-дан 360-қа дейін әскери және азаматтық мақсаттағы арнайы машина шығаратын технологиялық кешен салу жоспарланып отыр. Заманауи роботтандырылған құрылғылар бронды темір тақтайларды кесу мен дәнекерлеуге, машиналарды сырлау мен жинауға және шығу сапасына бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Жобада тек әскери техникалар өндірісі ғана емес, сонымен қатар, қалалық автобустар шығару да қарастырылған.

Аталған жобаға қатысушы «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Парамаунт групп» компаниясы (ОАР) және «Қазақстан инжиниринг Дистрибьюшн» ЖШС ағымдағы жылғы қараша айында Қазақстанда жауынгерлік дөңгелекті машиналар өндірісі мен оларға техникалық қызмет көрсету туралы меморандумға қол қойған болатын.

Бұл жоба Орталық Азияда алғаш рет қолға алынып отыр. Сондай-ақ, ол қорғаныс және машина жасау индустриясын сапалы ілгерлеушілікпен қамтамасыз ететін табысы жоғары бірлескен кәсіпорын құруға мүмкіндік береді.

Аталған жобаны іске асырған кезде 50 пайыз мөлшерде Қазақстан мен Кеден Одағы елдері аумағында өндірілген қосалқы бөлшектермен және агрегаттармен жинақтауға қол жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, 150-ден астам жұмыс орнын ашу, технологиялар және ноу-хау трансферті, 50-ден астам инженерлер мен техникалық және технологиялық бейіндегі мамандарды Қазақстан мен шетелдерде оқыту қарастырылған.

Зауытта конструкторлық бөлім мен қызмет көрсету орталығының болуы тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес машиналарға одан әрі жаңғыртулар жүргізу мен техникалық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Зауыттан шығарылатын барлық техникалар өнімді Қазақстанның қоса одан тысқары жерлерге таратуға мүмкіндік беретін халықаралық стандарттарға сәйкес өндірілетін болады. Қазақстанда өндіруге ұсынылып отырған бронды дөңгелекті машиналар барлық көрсеткіштері бойынша өз санатында үздіктердің бірі болып табылады. Олардың ағымдағы жылғы мамыр-маусым айларында Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери полигондарында сынақтан сәтті өткенін атап өткен жөн.

Капсула-құтыны қондыру рәсімінде ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму жоспарында белгіленген «2020 жылға қарай мемлекеттік қорғаныс тапсырысының 80 пайызы отандық өндіріспен қамтамасыз етілуі керек» деген тапсырмасын іске асыру шеңберінде бірлескен бронды дөңгелекті техникалар өндірісін жасаудың маңызы зор екенін атап өтті.

Анықтама:
«Paramount Group» - ғаламдық қорғанысқа, бітімгершілік күштері мен ішкі қауіпсіздікке арналған толықтай біріктірілген дайын шешімдерді қамтамасыз ететін Африкадағы ірі жекеменшік Аэроғарыштық және қорғаныс компаниясы.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0