Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
05:18, 12 июля 2013

Этнотой — тәтті мейрам

Түрлі маңызды даталарға қатысты өткізілетін әр алуан және кейде формальды іс шаралар туралы репортаждар арасында назар аударуға тұрарлық іс-шаралар да кездеседі. Бірегей идея, өзгеше көзқарас пен әлеуметтік маңыздылық бұл іс-шараға мүлдем өзгеше сипат береді. Осындай кезде басқа қалада тұрып, бұл іс-шараға келе алмағандығыңа өкінесің.
Осындай бірегей және шынында да пайдалы іс-шара туралы мен айтқым келеді. Семейде жалпы халықтық мереке «Этнотой» аталып өтті. Ұйымдастырушылар оны Астананың он бес жылдығына арнады. Қуанышқа орай мереке сәтті өтіп, ұлттық және жыл сайын аталып өтетін мереке болатындығын дәлелдеді.
Blog post image

Той Орталық қала паркінде өтті. Ол екі мейрамнан құралды. Осы мезетте қазақтың ұттық мейрамы «Қымыз мұрындық» өткізіліп жатты. Үлкен жылқы үйірлері бар бай адамдар мамыр айынан мал төлдейтін жаздың отрасына дейін халықтық көңіл көтерулер өткізіп, өңірдің барлық тұрғындарына қымыз үлестірді. Осы дәстүрді «Ахау Семей» ұлттық мәдени орталықта қайта жаңғырту керек деп шешім қабылданды. Бұған қоса, қазіргі таңда қымыз өте танымал болып, оны тек қазақтар ғана емес, өзге ұлт өкілдері де тамсанып ішеді.
Blog post image

Себебі, қымыз өте дәмді және жаздың ыстығында шөлді қандыратын тәтті сусын. Оның ерекше шипалы қасиеттері туралы ежелден белгілі. 19-ғасырда қымызбен емдейтін шипажайлар ашылған болатын. Көне сусын туберкулез, цинга, гастрит, өт ауруларын, қан аздығын, неврастения, жүрек және қан тамыры ауруларың емдеуге болады.
Мейрамға оралайық.

Blog post image

Мейрамды ұйымдастыруға ерекше фантазиямен қарап, үлкен көңіл бөлген. Бес үстелде ұлттық киімге киінген қонақжай апалар барлық адамдарды сақтаған күніне байланысты қымыздың бес түрінен дәм татқызған.
Қымыздың әрбір түрі өзінің тарихи атауына ие. Мысалы, бір күн тұрған қымыз (ең әлсіз) түкеме қымыз деп аталса, екі күнік қымыз тай қымыз деп аталған. Үш күн тұрған қымыз құнан қымыз, төрт күндік қымыз дөнен қымыз деп аталған. Бес күн тұрғаннан соң қымыз ер адамдарға лайық қатты сипатқа ие болып, бесті қымыз деп аталады.

Blog post image

Сүйікті ұлттық сусынның осындай алуан түрлерінен мейрамқа келгендердің барлығы да дәм татты. Мейрамда Семейдің әкімі Айбек Каримов пен танымал қазақстандық боксшы Айбек Нұғымаров болды. Олар тамсана қымыз ішіп, ұллық тағамдардан ауыз тиді.
«Қымыз мұрындық» барлық ережеге сай өткізіліп, қызықты мерекеге айналды. Қанша дегенімен, бұл Семейде тұратын барлық ұлттарды біріктіретін іс шаралардың бір ғана бөлігі болды.

Blog post image

Этнотой – бұл өздерінің тағамдарын, дәстүрлері мен ойындарын көрсететін түрлі ұлт өкілдерін біріктіретін дастархан. Барлығын Қазақстанның бас қаласы Астана туралы викторина біріктірді. Парк ортасында ұлттық мәдени орталықтардың ансамбльдері қойған концерт өтіп жатты.
Ұлттық тағамдардың шеберлері ерекше дайындалған. Үстелдердің барлығы тағамға толып, ауа тәтті иіске толды.
«Ак калфак» атты татар әйелдерінің клубы вак-беляш, түрлі қосындылары бар бәліштер (лимон, курага, мейіз, балық және ет), учпучмак, парамаш, көптеген тәтті пісірмелер мен пешенейлер толған ерекше шай үстелімен таңдандырды. Әрине, кез-келген татар үстелінің басты мәзірі чак чак.
“Возрождение” неміс мәдени орталығы жиналғандарды неміс тағамдарының алуан түрлілігімен таң қалдырды. Үлкен үстелде ащы орамжапырақ араласқан шваб шұжықтары, алма, балық пен көкеністер қосылған пісірмелер толы болды. Неміc әйелдерінің құпия қаруы – алма штруделдері.
Орыс әйелдерінің үстелін дәстүрлі самаурын безендірді. Шайға орыс пісірмелері, кулебякалар, шанежкалар мен түрлі қоспалар араласқан ватрушғалар қойылды. Олардың ішінде, ірімшік, тосап, мақ, мейіз, кураға, кепкен өрік қосылған ватрушкалар да бар.
Казак ас үйіне арналған палатка бөлек орналасты. Казактарды бірегей шелпектері пладичы осындай мүсәпір атқа ие болуы бекер емес. Әйелдер оларды ерлері соғысқа кеткенде пісіріп, қамырды илеген кезде жылаған. Шелпектер расында да құпия қасиетке ие болып, жолда қатпайды. Казактардың тағы бір ерекше тағамы - шараборки. Ішіне мейіз, жаңғақ немесе жидектер қосылған қамырдан жасалған кішкене шарлар. Әрине, ұлттық тағам – квас.
Еврей мәдени орталығының өкілдері қонақтарды еврей ас үйінің құпияларымен таныстырды. Маца – дәстүрлі нан. Еврейлер онсыз үстелге отырмайды. Кугал – түрлі жемістер мен жидектер қосылған кеспеден жасалған пісірме. Оған балық пен ет қосып та пісіруге болады. Еврей ас үйінде түрлі пісірмелер көп. Флуден атты ашық пісірмелер италияндық пиццаға ұқсайды. Оный дайындаудың бір рецепті бойынша оған саңырауқұлық, шөп пен қызанақ қосып, ірімшікпен араластыру қажет.
Шынында да ұқсайды ғой?
Өзбек дастарханын палаусыз елестету мүмкін емес. «Буюк-кележак» өзбек мәдени орталығы дәстүрлерінен ауытқымай, жиналғандарды ерекше дәмді палаумен құрметтеді. Тәтті ретінде үлкен қарбыз кесілді.

Семейде осындай шынымен тәтті мейрам өтті. Бұл шара туралы шынында да атап өту керек еді. Себебі, көп ұлтты Қазақстанда осындай іс шараларды өткізу өзіндік мәнге ие.
Біз ұлттардың бірлігі, толеранттылық туралы көп айтамыз. Осындай шараларды өткізу мен оған қала тұрғындарының ынтасы біздің жерімізде түрлі ұлттардың өмір сүретіндігінің дәлелі болып табылады.
Ұлттық тағамдар ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстанда дәстүрлердің араласуы мен бірігуі жүріп жатады. Мысалы, басқа ұлттың өкілдері қазақ тағамдарын жақсы көреді, ерекше ықыласпен бешбармақ пісіріп, қымыз ішеді. Ал қазақтар болса, орыс немесе татар бәліштері мен өзбек палауынан дәм татқынды жақсы көреді.
Бір-бірінің ұлттық, оның ішінде, ас үй дәстүрлерін білу мен құрметтеу, өзге мәдениетті тану мен түсінудегі маңызды қадам болып табылады. Ол Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекетте бақытты және тыныш өмір сүру үшін өте қажет.

0
1448
0