Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
12:00, 20 июня 2013

Бизнестің жол картасы

Қалай табысты кәсіпкер болуға болады? Көптеген адамдар мамандығына, жасына және әлеуметтік статусына қарамастан өздеріне осы сұрақты қоятындығына сенімдімін. Бірақ соңғы жылдары кәсіпкерлер жайлы түрлі көзқарастар мен түсініктер айтарлықтай өзгерді, бұрында қарапайым адамдардың көзіне кәсіпкер немесе кезінде айтқандай бизнесмен қымбат көлікті, қала сыртындағы үйі бар және қалталы жолы болғыш жалқау ретінде көрінсе, ал қазіргі таңда кәсіпкерлік деген ең бірінші өте үлкен тәуекел, ауыр еңбек және таңдалған іске толық берілу екендігіне көп адамдар түсінді.

Blog post image

Алайда, тәуелсіздік, ірі жетістікке жетудің потенциалды мүмкіндіктері әлі де көптеген адамдарды жұмылдырып жатыр.
Және ол ең дурыс тенденция. Өйткені, қазіргі таңда, кәсіпкерліктің дамуы экономиканың өсуіне және жаңа жумыс орындарының ашылуының басты механизмі болып табылады. Көптеген дамыған елдерде мемлекет толығымен бизнестен жекеленген, яғни, ол жерде қарапайым және түсінікті принцип жұмыс істейді: ең бастысы араласпау. Осы елдің әрбір азаматы өз жеке ісін аша отырып, өз қиындықтармен және тәуекелмен теңізде жалғыз қалады.
Бұл елдерде банкротқа ұшырау және құлдырау пайызы өте жоғары, мысалы, АҚШ та өз жеке ісін ашқан он кәсіпкердің жетеуі құлдырайды. Әйтседе, америкалықтардың басым көпшілігі осыған тырысады да өздерінің жеке бизнесі жайлы армандайды.

Бізде бұл жағдай басқаша, Президент және Үкімет шағын және орта бизнесті қолдау және адамдарды кәсіпкерлік белсенділікке тарту жөнінде үнемі айтады, ол дегеніміз бизнестің дамуын қолдау мемлекеттік деңгейде жүзеге асыратынын білдіреді.
Қазақстан Президенті Н. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына «Қазақстан -2050» Жолдауында былай деді: Отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық курстың қозғалыс күші болып табылады.

Шағын және орта бизнестің үлесі 2030 жылға қарай кем дегенде екі есе ұлғаюы қажет. Біз, өзін бизнесте байқаймын деген, елде болып жатқан экономикалық өзгерістердің толық қатысушысы боламын деген адамдарға жағдай жасауымыз қажет.

Бұл сөздер өте дұрыс айтылған, бастаушы кәсіпкерлерді ынталандыруға және оларға мемлекеттен көмек алуға үміттендіреді. Бұл көмек әртүрлі болуы мүмкін, дүниежүзінде ешбір ел кәсіпкерлерге бизнес ашуға және оның өркендеуіне тегін ақша бермейді. Себебі аламын деушілер коп болады ал қаражат жетпейді.
Мемлекет тіркелу формаларын, салық есептілігін, ақпаратпен қамтамасыз етуді оңайлатып жүргізілуіне көмек жасау керек. Басқаша айтқанда, ол кәсіпкерлерге қармақ беруі тиіс, ал балықты өздері аулау қажет. Бұл менің ойым, өз жеке кәсібін ашқысы келетін басқа көптеген адамдар сияқты, бірақ тәуекелден қорқатын, бизнесті жүргізу заңдары мен бухгалтерлік нормалар жайында білімі жоқ адамның көзқарасы.

Blog post image

Жақында интернетте бір жаналыққа көзім түсті.
Қапшағайда бизнесті қолдау «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, жаңа қонақ үй ашылыпты.
Бұл қарапайым жағдай, қонақ үйдің құрылысы басталған , осы құрылысты орындауға несие алынған бірақ бір нарсені дұрыс есептемегендіктен, нәтижесінде ақшасыз, несие төленбей және қонақ үй құрылысы аяқталмай қалды. Мемлекеттің көмегімен, жоғарыда аталған бағдарламаға сәйкес қажетті қаражаттар алынып, қонақүй құрылысы аяқталды, несие пайызы төмендетілді ал төлеу мерзімін ұзартырылды. Енді тек қана жұмыс істеңіз және мемлекет көрсеткен барлық көмектің арқасында пайызы төмендетілген несиені уақытында төлеңіз.
Ашыған айтсам, бізде осылай қарапайым кәсіпкерлерді қиын жағдайлардан құтқаратындығына және қаржылай қамтамсыз ететіндігіне біраз таң қалдым.
Шындығында, мен бұрын осы бағдарлама жайлы «Бизнестің жол картасы 2020» ештеңе естімегенмін. Сосын ақпарат іздейін деп шештім, міне енді мыналарды біліп алдым.

Бұл бағдарлама бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді екен және экономиканың маңызды секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлерке шынайы көмек беруге бағытталған. Бұл секторлардың тізімін желіден табу қиын емес, оған барлық негізгі өндірістік қызметтер және қызмет көрсету сферасы кіреді, одан басқа тағы өнер, ойын сауық және демалыс деген пунктері бар. Сонымен, бастаушы кәсіпкер кез-келген қызметпен айналысам десе, сол қызмет маңызды секторға жатқызылуы мүмкін.

Бағдарлама бастаушы кәсіпкерлерге берілетін жеңілдіктерді және бизнес инициативтерін қолдауды қарастырады. То есть ей может воспользоваться любой начинающий предприниматель. Яғни, кез-келген бастаушы кәсіпкерлер оны қолдана алады.
Мемлекет тарапынан берілетін көмек мыналар:
• Несиенің пайыздық мөлшерлемесінің бөлігін субсидиалау;
• Несиелер бойынша жартылай кепілдендірулер
• Өндірістік (индустриалды) инфраструктураны дамыту;
• Бизнесті жүргізудегі сервистік қолдау;
• Мамандарды дайындау, жастар тәжірибесі және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (2011 жылдан бастап).
Мені бірінші екі пункттар қызықтырды олар жаңа бизнесті шынайы қаржылай қолдау туралы екен. Әрине, ешкім бұл жерде тікелей ақша бермейді, бірақ көпшілік біздің банктердің несие пайыздары қандай екенін біледі ал бұл бағдарламада дотация ұсынылады және мемлекет есебінен пайыздар төмендетіледі.

Бұдан басқа кепілдік жайлы қиындық болады, ал кепілдік ретінде өз баспанаң қойылады ал бұл өте орасан тәуекел себебі баспанасыз қалуын мүмкін, ал бұл бағдарламада кепілдің бір бөлігін мемлекет қамтамасыз ете алады және бұл толықтай шынайы көмек.

Blog post image

Бағдарламада тағы басқа ауыр жағдайға ұшыраған немесе дамуды немесе үлкеюді жоспарлаған бизнес қарастырылған. Ол жерде де дәл сол банктер арқылы субсидиялау механизмі. Көмек алу үшін қажетті құжаттар тізімін асықпай үйрендім. Бұл процес өте көп уақытты талап етеді бірақ шешілмейтін ештене жоқ. Әрине қазірде мен онда барлығы сатылған және танысын жоқ жерде ешқандай қолдау ала алмайсын деген ызланған дауыстарды естудемін.
Барлық күмәншіл адамдарға сұрақ қойғым келеді, сіз тырысып көрдңізбе деп?
Менің ойымша, көпшіліктің басым бөлігі жоқ деп жауап береді. Бұл тұрғыда қалайша сын айтуға болады? Сайттардың біреуінде осы бағдарлама аясында жұмыс істеп жатқан фирмалар тізімі бар, ол фирмалардың барлығы ақиқат, мен әдейі желіден тексердім. Демек, бұл бағдарлама жұмыс істейді және шында да адамдар көмек алған.
Осы тақырыпты уйрене отырып, мен Экономика министрлігінің сайтына көзім түсті. Ал онда толықтай кәсіпкерлікті қолдауға арналған бағдарламалардың тізімі бар екен.
Мысалға: «Кризистен кейінгі қайта құру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)», және ол да қарызы мен несиесі барларға субсидия беруді қарастырады. Тағы «2010-2014 жылдарға арналған ҚР- ның агроөнеркәсіп комплексінің дамуы бағдарламасы», ал ол әртүрлі іс шаралар комплексін қолдауды соның ішінде кәсіпкерлерді тікелей несиелеу шараларын қарастырады.
«Еңбекпен қамту 2020 бағдарламасы» жаңа кәсіпорын жұмысшыларының еңбекақысын жартылай субсидиялауды қарастырады. Сонымен, жаңа бизнеске де, бизнесі барларға да әртүрлі көмек және жеңілдіктер өте көп.
Менің ойымша, ең бастысы жақсы бәсекеге қабілетті идеяның болуы және жұмыс істеймін деген талпыныс. Ол, мен басында айтқан қармақ болып табылады. Мемлекет көмек көрсету бағдарламаларын ұсынуда, тек сен алуға лайық екенінді дәлелде де, ал және жұмысқа кіріс.
Дәл осындай механизм кәсіпкерлік инициативасын шынайы түрде қолдайды. Айтпақшы, мұндай көмектерді АҚШ немесе Канада елдері сізге осылайша ұсына қоймас.

0
2552
1