Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:05, 09 декабря 2013

Үндістан жемқор шенеуніктерін жауапкершілікке тартпаса Олимпиадаға қатыстырылмайды

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) перзиденті Томас Бах
Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) перзиденті Томас Бахтың мәлімдеуінше, Үндістан спорт саласында жемқорлыққа белшесінен батқан шенеуніктерін жауапкершілікке тартпаса, онда бұл мемлекет Ойындарға қатысудан шеттетіледі.

Талаптарды орындауға ХОК Үндістанған үш күн берді, яғни 10 желтоқсанға дейін барлық кемшіліктер жойылуы тиіс.

Олай болмаған жағдайда, Үндістанның Ұлттық олимпиадалық комитеті ХОК бастамасымен өтетін шаралардан шеттетіледі, ал үндістандық спортшылар елінің туының астында жарыстарға қатыса алмайтын болады.

Бір жыл бұрын үкіметтің аталған комитет ісіне араласуы салдарынан Үндістанның Ұлттық олимпиадалық комитетін олимпиадалық спорттық шаралардан уақытша босатқан еді.

Сарапшылардың пайымынша, айтулы Достастық Ойындарының Нью-Делиде сәтсіз өткізілуінен кейін 2010 жылы олимпиадалық шенеуніктер арасында жемқорлық туралы айыптаулар пайда болды.

2011 жылдың сәуірінде Достастық Ойындарын өткізуге жауапты үндістандық олимпиадалық комитеттің атқарушы комитетінің мүшесі Суреш Калмади пара алу күдігімен тұтқындалған болатын.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов
 
0
293
0