Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери оташылары медицинаның инновациялық технологияларын игеруде

МО РК 2013 M12 6
278
0
0
0

Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталінде тұңғыш «Лапароскопиялық герниологиядағы инновациялық технологиялар» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Осы іс-шара аясында...

Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталінде тұңғыш «Лапароскопиялық герниологиядағы инновациялық технологиялар» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болды. Осы іс-шара аясында әскери оташылар Қазақстанның эндоскопиялық оташыларымен бірлесіп, онлайн режимінде көк еттің зақымдануын алып тастау бойынша күрделі операциялар жасады.

Еліміздің жетекші оташылары көк ет жарақаттарының әр түрін лапараскопиялық түзету және іш құрылысына герниопластика жасау жөнінде мастер-класс өткізді.

-    Біз осындай күрделі операцияларды біздің әскери госпиталь да жасап келе жатқанын мақтан етеміз. Бүгінгі таңда әскери хирургия өте жоғары деңгейде, жоғары мамандандырылған операциялар жасалуда. Әскери медицина мұндай ауру түрлерін емдеуде әлемдік стандарттардан қалыспайды, - деп ҚР Қорғаныс министрлігі Бас әскери клиникалық госпиталі медициналық бөлімінің бастығымедицина қызметінің полковнигі Гүлпарида Байділдаева атап өтті.
Бүгінгі таңда лапароскопиялық герниопластика – ішкі ағзалар мен көк еттің жарақатын емдеуге арналған заманауи және тиімділігі жоғары хирургиялық әдіс болып табылады және операциядан кейінгі ауыру синдромын жеңілдетіп, сауығу мерзімін айтарлықтай қысқартады. Әскери дәрігерлер науқастарға жоғары мамандандырылған көмек көрсету үшін герниопластиканың торлы импланттар пайдаланылатын миниинвазивтік әдістерін игеруде.
Лапароскопиялық герниология сияқты жоғары технологиялы хирургия сегментінің дамуы ҚР Қорғаныс министрлігі Бас әскери клиникалық госпиталі жұмысының перспективалық бағыттарының бірі.  Ол әскери оташыларға жаңа операция жасау әдістеріне машықтану мүмкіндігін кеңейте түспек.
 
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше