место в рейтинге
  • 757145
  • 45
  • 7
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қазақстан Сочи Олимпиадасында кемінде 2 медальдан үмітті

logo

Талай спортшының сан жылдардағы еңбегінің өтеуі, төккен терінің қайтарымы болар сәт ХХІІ қысқы Олимпиада ойындарының басталуына да 2 айдан сәл астам уақыт қалды. Ресейдің Сочи қаласында өтетін бұл дүбірлі додаға әлемнің 80-нен астам елінің 5 мың спортшысы қатысып, спорттың 15 түрінен 98 медаль жиынтығын сарапқа салмақ.

4 жылда бір рет өтетін Олимпиада ойындары әлемдік спорттың ең биік шыңы десек, ал осы байрақты бәсекенің жеңіс тұғырына көтерілу әрбір спортшының басты арманы, мемлекеттің саяси һәм экономикалық жағынан қуатты екендігінің әрі қарқынды дамуының белгісі екендігі сөзсіз. Қазақ елі де осы қысқы ойындарда өзінің қауқарлы ел екендігін әлем жұртшылығына паш ету үшін бар күш-жүгерін жұмсайтындығы анық. Жалпы, бұл Олимпиада ойындары Қазақстанның Тәуелсіздік алғаннан бергі 6-шы байрақты бәсекесі. Есте болса, бұған дейін 1994 жылы өткен Лиллихаммер Олимпиада ойындарында даңқты шаңғышымыз Владимир Смирновтың бір өзі 1 алтын, 2 күміс еншілеп, жалпы командалық есепте Қазақстан 12-ші орынға тұрақтаған еді. Мұндай нәтиже егемендігін енді алып, етек-жеңін әлі де қымтап үлгермеген Қазақ елінің әлемдік деңгейдегі спорттан алар орнын бірден айқындап берген болатын. Дегенмен, өкінішке орай, одан кейінгі қысқы ойындарда спортшыларымыз тиісті деңгейде өнер көрсете алмады. 1998 жылы Наганода өткен Олимпидада 2 қола жеңіп алсақ, 2002 жылғы Солт-Лейк-Ситиде, 2006 жылы Туринде жүлдеден мүлдем қағылдық. Соңғы, 2010 жылғы Ванкувер қысқы ойындарында 1 ғана күміспен 25-ші орынға тұрақтаған едік.

Ал бұл жолғы Олимпиада ойындарында қазақстандықтар спортшыларымыздан зор жетістік күтетіндігіміз шындық. Мұны еліміздің Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев та айтып отыр. Бүгін Үкімет отырысында 7-23 ақпан аралығында Сочиде өтетін 22-ші қысқы Олимпиада ойындарына спортшыларымыздың дайындығы жайында баяндаған оның айтуынша, қысқы спорт түрлерінен еліміздің ұлттық құрамасына кемінде 2 медаль жеңіп алу міндеті жүктелген. Ал мұндай көрсеткіштер Қазақстанның жалпыкомандалық есепте 20-23 орынға таласуына мүмкіндік береді.

Жалпы, агенттік басшысының сөзіне қарағанда, қазіргі күні спорттың 7 түрінен 33 қазақстандық спортшы олимпиада ойындарына қатысу құқығын жеңіп алды. Дегенмен олар олимпиадаға дейін жеңіп алған лицензияларын қуаттау үшін әлем кубоктарының барлық кезеңдеріне қатысуы тиіс. Лицензиялардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының спортшыларының еншісінде. Сонымен қатар Ақтөбе мен Қарағанды облыстарының да өкілдері лицензия алып отыр. «Толықтай алғанда лицензиялық кезең аяқталғанға дейін спорттың 10 түрінен 40-тан астам лицензия ұтып алуды жоспарлаудамыз. Елдің олимпиадалық құрамасын жасақтау атлеттердің физикалық дайындық деңгейін, олардың психологиялық тұрақтылығын, сондай-ақ қорытынды іріктеу кезеңдерінің және допингке қарсы бақылаудың нәтижелері ескеріле отырып келесі жылдың қаңтарына дейін жалғасатын болады», — деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, спортшыларымыздың зор нәтижеге қол жеткізуі үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, күтілетін нәтижеге байланысты еліміздің жетекші спортшыларымен 700-ден 6 мың АҚШ долларына дейінгі көлемдегі төлемге келісімшарт жасалған. Бұдан бөлек, спорттың 8 түрінен ұлттық құрама командамызды 17 жетекші шетелдік маман дайындау үстінде. Бір қызығы, еліміз шаңғышыларымыздың шаңғысын майлауды да әлі күнге дейін үйрене алмай жүр екен. Сондықтан болар, келісімшарт арқылы қызметке тартылған қызметшілер арасында спорт медицинасы саласындағы мамандармен қатар шаңғы майлаушылар да жүр.

Т. Есентаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан спортшылары шаңғы жарысынан, биатлоннан, фристайл-могулдан, конькимен жүгіруден, мәнерлеп сырғанаудан және сноубордтан жүлделі орындарға көтерілуге мүмкіндігі бар. Бұл ретте еліміздің Спорт агенттігі шаңғы жарысында Алексей Полторанин, Николай Чеботько және Д.Володькоға зор сенім артып отыр. Олар Канадада өткен Әлем кубогы кезеңдерінде жүлделі орындардан көрінген болатын. Ал 2013 жылғы әлем чемпионатындағы конькимен жүгірушіміз Денис Кузиннің жетістіктері де оған зор сенім артуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мәнерлеп сырғанаушымыз Денис Теннің де соңғы байрақты бәсекедегі жеңісі үміт отын ұялатады.

Сөз соңында агенттік басшысы қазақстандық делегацияның құрамы жасақталып жатқандығын атап өтті. Оған жалпы 100-ден астам адамды құрайтын спортшылар, жаттықтырушылар, мамандар және штаб кірмек. «Сондай-ақ, біздің құраманы қолдау үшін Сочиге тамақпен, тұрғылықты жермен және спорттық формамен қамтамасыз етілген бірыңғай ұйымдасқан топта шамамен 300 жанкүйер жіберуді ұсынамыз», — деген ол Сочидегі олимпиада қалашығы аумағында қазақстандық баспасөз орталығы жұмыс істейтіндігін де айтты. Оның атап өтуінше, аталған орталықта Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін, еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістігін және спортшыларымызды ұлықтау шаралары ұйымдастырылатын болады. Сондай-ақ, Халықаралық олимпиадалық комитетке Алматы қаласында 2022 жылы 24-ші қысқы олимпиада ойындарын өткізуге өтінім берілгендігін баса айтқан ол: «Бұл мақсаттарда Сочи қаласында өтетін олимпиада аясында жоғарыда аталған олимпиада ойындарын өткізуге үміткер ел ретінде Қазақстанды алға жылжыту бойынша имидждік іс-шаралар өткізу жоспарлануда»,-деді.

Үкімет отырысын қорытындылаған Премьер-Министр Серік Ахметов Олимпиада ойындарындағы спорттық жетістік кез келген мемлекеттің имиджі мен мәртебесінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып саналатындығын баса айтты. «Сондықтан қазіргі уақытта спортшылардың сапалы дайындығы қажет екендігін түсіну өте маңызды. Уақыт тым аз қалды. 7 ақпанда Сочидегі Олимпиада ойындары басталады. Сондықтан, Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне сапалы дайындықты қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл үшін сіздер барлығымен қамтамасыз етілдіңіздер. Баспасөз қызметінің жұмысын, жанкүйерлердің қатысуын ұйымдастыру қажет»,-деді Үкімет басшысы.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай

 
Kazsport agent kazsportagent
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ
6 декабря 2013, 12:14
171

Загрузка...
Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Инструкция для аллергиков. Как бороться с аллергией в период обострения

Я аллергик с детства. Имею аллергию на пыльцу березы, липы, полыни (выяснил это благодаря кожным пробам), а также пищевую аллергию на горчицу. Свои проблемы знаю, однако это меня не спасло.
Romeo_17
15 авг. 2017 / 17:21
  • 38667
  • 63
СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

СМИ – ассистент провокаторов? Как гости из соседних стран сеют раздор в Казахстане

Инцидент с пьяным киргизским гостем на борту Air Astana, наверное, остался бы только во внутренних сводках авиакомпании, если бы г-н Доган, не поднял громкий крик о государственном языке.
openqazaqstan
17 авг. 2017 / 14:43
  • 10462
  • 171
Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Алматы предложили сделать центром секс-туризма

Известный политолог России Андрей Карпов предложил сделать Алматы центром секс-туризма. Но для этого сперва нужно легализовать проституцию в стране.
tala03
13 авг. 2017 / 14:48
Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Казахский национализм раньше выглядел несовременно. Теперь он другой

Националисты стали совсем другими. По-английски хорошо говорят, русскую классику цитируют. Очень современные, образованные, адекватные. А после Крыма в националисты уже чуть ли не любой казах готов был записаться.
Aidan_Karibzhanov
16 авг. 2017 / 16:52
Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Имеющий уши да услышит. Латиница касается только казахского языка

Президент Назарбаев наконец-то разъяснил для всех, кто ещё не понял, очевидный вопрос, который всем в Казахстане очевиден. Елбасы повторил: на латиницу мы переводим казахский язык, и это не означает отказ от русского языка.
openqazaqstan
18 авг. 2017 / 16:23
  • 2375
  • 44
«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

«Доехать до Алтын Орды» – как мошенники обманывают алматинцев

Из множества грустных откровений постепенно сложился перечень самых распространённых уловок охотников за нашими деньгами. В нём ожидаемо лидировали профессиональные попрошайки.
caravan_kz
16 авг. 2017 / 15:05
  • 2004
  • 2
В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

В Кокшетау строят два парка для молодёжи. Будут учтены интересы и любителей спорта

Общая площадь парка составляет 25 гектаров. На территории предусмотрено устройство прогулочных дорожек, площадок для установки аттракционов и павильонов различного назначения, цветников.
zhasakmola
17 авг. 2017 / 17:13
  • 1864
  • 1
Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Недоразумение с грантами в ВУЗы: «медалисты» до сих пор имеют преимущество

Многие способные выпускники без Алтын Белги готовились к тестированию, чтобы в честной борьбе попытать счастья на гранты без ущемления со стороны якобы "золотых" выпускников.
DanaJarlygapova
14 авг. 2017 / 14:35
Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Новый конкурс на грантовое финансирование – разочарование для казахстанских ученых

Обсуждение новых условий началось ещё давно, но стоит ли ожидать качественного улучшения результатов научно-исследовательской деятельности, если система управления наукой не была модернизирована?
ermekuss
17 авг. 2017 / 12:23
  • 1700
  • 1