Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:11, 06 декабря 2013

Кіші Кличконың кезекті қарсыласы белгілі болды

Алекс Леапаи

34 жастағы австралиялық Алекс Леапаи Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) титулы үшін ауыр салмақтағы міндетті үміткер атанды, деп хабарлады WBO ресми сайтына сілтеме жасай отырып УНН.

Өзінің осыған дейінгі 23 қарашада Германияда өткен кездесуінде ол жетінші раундта ауыр салмақтағы 27 жасар Ресей боксшысы Денис Бойцовқа бірінші рет жеңілістің ащы дәмін татырған болатын.

Украиндық Владимир Кличко мен австралиялық Алекс Леапаи арасындағы кездесуді өткізу орны мен мерзімі бір айдың ішінде анықталатын болады.

 
0
123
0