Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:08, 06 декабря 2013

«Барыс» өз конференциясында көш бастап келеді

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы
Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Нефтехимик» (Ресей, Нижнекамск) командасын 0:1 есебімен жеңді.

Ойынның бірінші кезеңінде Константин Романов жеке өзі қарсыластар қорғанысын бұзып, матчтың жалғыз шайбасын салды. Одан кейінгі екі кезеңде «Нефтехимикте» таразы басын теңестіріп кетуге тамаша мүмкіндіктер болды. Алайда «Барыстың» қақпашысы Ари Ахонен барлық соққыларды шебер тойтара білді. Қорытынды есеп — 0:1.

Осы ойыннан кейін «Барыс» 70 ұпаймен Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде үшінші орынға көтерілсе, өз тобында, яғни Шығыс конференциясында «Ақ барсты» артқа тастап, бірінші орынға шықты.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
 
0
194
0