Біз халықаралық контент-провайдерлермен бірлескен жобаны жүзеге асырдық

Ваш Казахтелеком 2013 M12 5
1055
0
0
0

Соңғы жылдары біз сыртқы Интернет-ресурстарға қолжетімділікті оңтайландыру жөніндегі бірқатар іс-шара атқардық. Біздің инновациялық бөлім Интернет ресурстарын шоғырландыру технологияларын енгізу...

Соңғы жылдары біз сыртқы Интернет-ресурстарға қолжетімділікті оңтайландыру жөніндегі бірқатар іс-шара атқардық. Біздің инновациялық бөлім Интернет ресурстарын шоғырландыру технологияларын енгізу жөніндегі жобаны іске асырды. Біз бұл жобаны Akamai Technologies және Google Global Cache сияқты халықаралық контент-провайдерлермен бірлесіп жүзеге асырдық.

Клиенттердің Интернет желісіне сапалы қосылуын қамтамасыз ету мақсатында біздің инновациялық бөлім танымал контент-провайдерлермен нәтижелі жұмыстар жүргізуде. Бұл өзара іс-қимылдардың мақсаты заңгерлік, техникалық сипаттағы түрлі мәселелерді және ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін шешу болып табылады.

Әлемдік контент-провайдерлердің арнайы серверлері - ең танымал мультимедиялық қосымшалардың көздері. Біз Akamai Technologies және Google Global Cache сияқты провайдерлермен өзара келісімшарт жасадық, сөйтіп Интернет желісі ресурстарын аккумуляциялау бойынша бірлескен инфрақұрылымды іске қостық. Бұл жоба компаниялар ұсынатын Интернет-қызметтердің сапасын жақсартуға, қазақстандық Интернет-қолданушылардың трафиктерін аккумуляциялау және бағыттау тетігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда, Интернет желісіне қосылу барысында, Akamai Technologies және Google Global Cach аккумуляция серверлеріне локальды жүгінудің есебінен, біздің клиенттеріміз кедергілер мен кешігулерге аз ұшырауда. Оған қоса, байланыстың сыртқы арналарына түсетін трафиктің салмағы 50 Гбит/с төмендеп отыр.

 

Оцените пост

0
Дальше