ҚР ҚК Әскери теңіз күштері: жаңа кемеде әскери-теңіз жалауы желбіреді

МО РК 2013 M12 5
257
0
0
0

Ақтауда Қазақстан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Орал» ракета-артиллериялық кемесінде тұңғыш рет әскери-теңіз жалауы көтерілді. Бұл сынақтардың аяқталып, аталған кеменің Қазақстан Қарулы...

Ақтауда Қазақстан Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Орал» ракета-артиллериялық кемесінде тұңғыш рет әскери-теңіз жалауы көтерілді. Бұл сынақтардың аяқталып, аталған кеменің Қазақстан Қарулы Күштері Әскери теңіз күштерінің құрамына қабылданғанын айғақтайды.

 

Салтанатты іс-шарада кеме капитанына жауынгерлік туды ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанзақов табыс етті.

Естеріңізге сала кетейік, отандық «Зенит» кеме жасау зауытында құрастырылған  су ығыстырғыштығы 250 тоннаға жуық «Орал» жауынгерлік кемесі сәуір айында суға түсірілген болатын. Кеме ракета-артиллериялық қару-жарақпен, қазіргі заманғы байланыс құралдарымен, навигациялық және штурмандық қару-жарақпен жарақтандырылған.

Кеме экипажы оны құрылысы басталғаннан бері зерделеуге кірісті.

Қазіргі уақытта олар жауынгерлік кемені басқарудың барлық қыр-сырын меңгерген.

- Бұл Әскери-теңіз күштерінің құрамына қабылданған екінші ракета-артиллериялық кеме. Сынақтар «Шағала-2013» оқу-жаттығуы барысында табысты өтті. Мен «Оралдың» Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге лайықты үлес қосатынына сенімдімін, - деп контр-адмирал Жандарбек Жанзақов атап өтті.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше