Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:17, 04 декабря 2013

Қазақша күрес бойынша «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі әлемнің 120 елінде көрсетіледі

Еуразия Барысы

Қазақша күрес бойынша «Еуразия Барысы» бірінші халықаралық турнирі әлемнің 120 елінде көрсетілмек, деп хабарлады «Тараз-Арена» спорт сарайында өткен баспасөз мәслихатында жарысты ұйымдастырушылар.

Қазақша күрес бойынша «Еуразия Барысы» бірінші халықаралық турнирі 7 желтоқсан күні «Тараз-Арена» спорт сарайында өтеді. Турнирді «Қазақстан» ұлттық арнасы, Ресейдің «Боец» халықаралық телеарнасы, сондай-ақ, «TRT AVAZ» түрік телекомпаниясы әлемнің 120-дан астам еліне тікелей эфирден көрсетпек», — деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Гамлет Қайнарбеков.

Жобаны ұйымдастырушылар — «Қазақстан Барысы» қазақша күресті дамыту қоры, «Астана» ПКСК, Жамбыл облысының әкімдігі, ҚР Қазақша күрес федерациясы. Бас демеушісі — «Самруқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ. Ресми демеушісі — «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ. Сондай-ақ, «SAT & Company» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазфосфат» ЖШС турнирдің демеушілері және әріптестері болып табылады.

Жоба идеясының авторы — Арман Шұраев.

Турнир туралы ақпаратпен www.kazakhstanbarysy.kz жобаның ресми сайтынан танысуға болады.

 
0
309
0