Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:12, 04 декабря 2013

Қыс қаңғыбастарды аямайды (ФОТО)

Blog post image

Қыс мезгілінің басталуына байланысты Петропавл қаласы ІІБ қызметкерлері тұрақты мекенжайы жоқ азаматтарды анықтау бойынша жұмыстарын жандандырды.

Әдетте, қаңғыбастар жаздың ыстығында қала шетіндегі саяжайларды паналаса, қыс келе қалаға жол тартады. Бұл азаматтардың шоғырланатын жерлері - құдықтар, жылу трассалары полицейлерге жақсы таныс. Қалалық ІІБ қабылдау-тарату қызметкерлері, осы үй-күйі жоқ жандарды анықтау жөнінде рейдтерді күнде өткізеді. Мұндай шаралардың негізгі мақсаты – тұрғылықты мекенжайы жоқ азаматтар туралы мәліметтер базасын жаңарту және толықтыру болып табылады.

Петропавл қ. ІІБ қабылдау-тарату бөлімі бастығының м.а., полиция майоры Руслан Әлібаевтың айтуы бойынша, Петропавл қаласы ІІБ ҚТБ-нің негізгі міндеті тұрғылықты мекенжайы және құжаттары жоқ азаматтарды анықтап, оларды жеке тұлғасын анықтау үшін қабылдау-тарату орнына орналастыру және олардың қылмыс жасауға қатыстылығын тексеріп, медициналық қызмет көрсету және тиісті органдарға тапсыру болып табылады.

Blog post image

Кезбе өмірге қаншалықты дағдыланғандыққа қарамастан, қаңғыбастар қыстың қаһарына төзе алмайтындықтарын жасырмайды. Осы орайда қабылдау-тарату бөлімінің алатын орны ерекше дейді кейбірі. Қанша дегенмен жылу құбырларында отырып, қақаған аяздарға төтеп беру – ащы су ішкен, екінің-бірінің қолынан келе бермейді.

Blog post image

Ағымдағы жылдың 11 айында облыстық тәртіп сақшыларымен қабылдау-тарату бөліміне 9502 адам жеткізілді, олардың 326-сы сот санкциясымен қабылдағышқа орналастырылды. Бір қызығы, аталған азаматтардың кейбіреуі жедел құндылығы бар ақпаратқа ие. Мысалға, солардың көмегімен жыл басынан бері ІІБ қабылдау-тарату бөлімінің қызметкерлері 113 қылмыстың бетін ашты, іздеудегі 12, олардың ішінде 6 қылмыскер және 6 іс-түссіз жоғалған тұлға белгілі болды. Тұрақты мекенжайы жоқ тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар полицейлердің тұрақты бақылауында, ал қыс маусымының басталуымен аталған жұмыстар одан әрі жиілейтіні сөзсіз.

Жан Айтмағанбетов,

СҚО ІІД баспасөз қызметі

0
654
0