Литвалық спортшы жаңа рекорд орнатты

Kazsport agent 2013 M12 3
137
0
0
0

«Әлемнің ең күшті адамы» саналатын Зидрунас Савикас жалғыз өзі 12 көлікті бар болғаны 33 секундта 5 метрге сүйреді, деп хабарлады 24.kz. Бір-біріне тіркелген техникалардың жалпы салмағы 13 тоннаны...

Зидрунас Савикас

«Әлемнің ең күшті адамы» саналатын Зидрунас Савикас жалғыз өзі 12 көлікті бар болғаны 33 секундта 5 метрге сүйреді, деп хабарлады 24.kz.

Бір-біріне тіркелген техникалардың жалпы салмағы 13 тоннаны құрады. Бірақ, 38 жастағы алып күш иесі үшін бұл ең жоғарғы көрсеткіш емес. «Әлемнің ең күшті адамы» атағын жеті рет дәлелдеген литвалық, былтыр салмағы 27 тоннадан асатын 20 көлікті қозғаған болатын. Алайда, ол кезде бұл жетістік есепке алынбады. Себебі, спортшы техникаларды аяғын арнайы басқышқа тіреп тартқан. Зидрунас келешекте бұдан да зор табысқа жететінін мәлімдеді.

«Қуанышым қойныма сыймай тұр. Себебі, бұл мен үшін үлкен сын. Келесі жолы өз рекордымды жаңартып, 13 немесе 14 көлікті тартатын шығармын», — деді рекордшы.

 

Оцените пост

0
Дальше