Әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы Қазақстан-Испан диалогы

МО РК 2013 M12 3
212
0
0
0

Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Оқас Сапаров Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мануэль Ларротчамен...

Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Оқас Сапаров Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мануэль Ларротчамен кездесті.

Келіссөздерге ҚР ҚМ халықарылық ынтымақтастық, әскери техникалық саясат департаменттерінің, ҚР ҚК қару-жарақ, оқ-дәрілер бас басқармаларының, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысы басқармасының, 14776 әскери бөлімініңәскери қызметшілері, сондай-ақ «Қазақстан инжиниринг» АҚ, «Қазарнаулыэкспорт» РМК және «Қазақжарылысөнеркәсіп» АҚ өкілдері қатысты.
Жұмыс барысында қатысушылар қазақстан-испандық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ испандық «ASPA» пилотаждық тобының алдағы уақытта Қазақстанда өтетін «KADEX-2014» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне қатысуы мәселесін талқылады.
Атап өтетін болсақ, «KADEX-2014» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі әлемдік өндірушілерді Қазақстан Қарулы Күштерінің әлеуеті мен сұранысы туралы хабардар етеді, бәсекелік орта қалыптастыру үшін көш бастап келе жатқан шетелдік компанияларды тартады, сондай-ақ әскери мамандарды әлемдік өндірушілердің ең жаңа жетістіктері туралы хардар етеді.
Кездесу қорытындысы бойынша генерал-майор Оқас Сапаров пен елші Мануэль Ларротча Қазақстан мен Испания қорғаныс ведомстволары арасындағы достық байланыстарды бұдан әрі нығайтуға мүдделілік танытты.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0