Месси – үздік, Роналду – бағалы футболшы атанды

Kazsport agent 2013 M12 2
744
0
1
0

2012/2013 маусымдағы Испания Ла-Лигасының үздіктері анықталды. Месси – үздік, Роналду – бағалы футболшы атанды. Бұл туралы Inside Spanish Football хабарлап отыр. Каталондық «Барселонаның»...

Месси – үздік, Роналду – бағалы

2012/2013 маусымдағы Испания Ла-Лигасының үздіктері анықталды. Месси – үздік, Роналду – бағалы футболшы атанды. Бұл туралы Inside Spanish Football хабарлап отыр.

Каталондық «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси ең үздік шабуылшы марапатына ие болды. Аргентиналық футболшы өткен маусымда 46 гол соғып, үздік сұрмерген де болып табылған болатын. Ал «корольдік клубтың» жартылай қорғаушысы Криштиану Роналду 34 гол соғып, 9 нәтижелі пас шығарған еді. Сонымен қатар Ла-Лиганың күміс жүлдесіне қол жеткізген-ді. Енді өткен маусымдағы Испания біріншілігінің қорытындысы бойынша, португалдық ойыншы ең бағалы футболшы атанды.

Өзге де үздіктер:

Ең үздік бапкер: Диего Симеоне («Атлетико М»)

Ең үздік қақпашы: Тибо Куртуа («Атлетико М»)

Ең үздік қорғаушы: Серхио Рамос («Реал»)

Ең үздік жартылай қорғаушы: Асьер Ильяраменди («Реал Сосьедад»/»Реал»)

Ең үздік шабуыл шебіндегі жартылай қорғаушы: Андрес Иньеста («Барселона»)

Fair-play жүлдесі: Икер Касильяс («Реал»)

Fair-play командалық жүлдесі: «Атлетик Бильбао»

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

 

Оцените пост

1