БОКС: Сергей Ковалев чемпиондық атағын қорғап қалды

Kazsport agent December 2, 2013
135
0
0
0

Ресейлік боксшы Сергей Ковалев украиналық қарсыласы Исмаил Силлахты ойсырата жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды, деп хабарлайды «Р-Спорт». Ковалев...

Ресейлік боксшы Сергей Ковалев

Ресейлік боксшы Сергей Ковалев украиналық қарсыласы Исмаил Силлахты ойсырата жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды,

деп хабарлайды «Р-Спорт».

Ковалев және Силлах арасындағы күрес Канаданың Квебеке қаласында өтті. Ковалев  жекпе-жекті екінші раундта жеңіспен аяқтады. Бірінші раундта  Силлахты есеңгіретсе,  екінші раундта украин боксшысын сұлатып салды.

Силлахпен жекпе-жек Ковалев үшін кәсіби бокстағы 24-ші кездесуі еді.  Ресейлік бір-ақ рет жеңілістің ащы дәмін татты. Еске сала кетсек, Ковалев 2013 жылғы тамызда британ боксшысы Натан Клеверлиді ойсырата ұтып, WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

 

Оцените пост

0