ҚР Қорғаныс министрі әскери қызметшілерді Тұңғыш Президент Күнімен құттықтады

МО РК 2013 M11 30
955
0
1
0

Құрметті Отан қорғаушылар! Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын. Бүгін біздің армиямыз Ел Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы...

Құрметті Отан қорғаушылар!

Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын.

Бүгін біздің армиямыз Ел Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың үнемі қолдауының арқасында ТМД елдері әскерлері арасында көш бастады. Біздің Қарулы Күштеріміздің қуаты мен қауқары халықаралық жаттығуларда және  2013 жылы 7 мамырда өткізілген Жауынгерлік парадта кеңінен көрсетілді. Сіздер өздеріңіздің жоғары әскери шеберліктеріңізді, жауынгерлік өзара іс-қимыл танытудағы деңгейлеріңізді, іс жүзінде өз істеріңіздің кәсіби шебері әрі нағыз патриот екендіктеріңізді таныттыңыздар!

Біз Жоғарғы Бас қолбасшымыздың: «Қазақстандық әскери қызметші әрқашан патриотизмнің эталоны және жас ұрпаққа үлгі болуға тиіс» деген  ақылын есте сақтап, күнделікті басшылыққа алуға міндеттіміз.
Сіздерге және сіздердің туыстарыңызға денсаулық, бақыт және Отанымызға бейбіт аспан тілеймін!

Оцените пост

1
Дальше