Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:57, 30 ноября 2013

Теңізде, ескексіз қайықтай

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Теңізде, ескексіз қайықтай,

Желкенде түсті, тұра алмай.

Әкетті толқын, тоқтатпай,

Әлекке түсті, күй мен жай.

 

Сағыныш, сағым, жылдарым,

Қайтейін, таусылды шыдамым.

Сонда да, сен едің, мұңарым,

Толқынмен, адасқан, арманым.

 

Іздеумен, болдым ау, мен әлек,

Жылайды, неліктен, бұл жүрек?

Кездесіп қалдық па, ертерек?

Сен жоқта, бұл жалған не керек?

0
219
1