Талап жоғары: Қорғаныс министрлігінде құжаттау мәселелері талқыланды

МО РК 2013 M11 29
192
0
0
0

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қорғаныс Министрлігінде әскери басқару органдары, Ақмола гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелері құжаттамалық қамтамасыз ету...

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Қорғаныс Министрлігінде әскери басқару органдары, Ақмола гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелері құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің өкілдері қатысқан жиын болып өтті.

 

Жиында мемлекеттік органдардың құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшелеріне қойылатын талаптардың артып келе жатқанына айрықша назар аударылды. Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан-2050» Стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің мақсатымыз – мемлекеттік басқарудың жаңа түрін қалыптастыру. Ол қоғамға қызмет ету мен мемлекеттілікті нығайтудың жаңа міндеттеріне сай болуы тиіс» деп атап өткен.

Қорғаныс министрлігінің басшылығы жалпы орындаушылық тәртіпке, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға жаппай енгізуге, хат алмасуды құжат айналымының бірыңғай электрондық жүйесі арқылы жүзеге асыруға жоғары талаптар қойып отыр.

Сондай-ақ жиналғандар әскери ведомствоның қызметін құжаттау саласындағы нормативтік құқықтық базаны өзгерту мәселелерін талқылады.

Әкімшілік басқармаларының, бөлімдерінің және іс жүргізу бөлімшелерінің бастықтары мемлекеттік тілде іс жүргізудің, құжаттармен жұмыстың дұрыстығына, құжаттарды мұрағатқа тапсыруды ұйымдастыруға және басқа да мәселелерге жауап береді.

ҚР ҚМ Әкімшілік департаментінің лауазымды адамдары, Қорғаныс министрлігі Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының, Орталық мұрағатының бастықтары, Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік бас басқармасының өкілдері ағымдағы және перспективалық міндеттерді шешу жолдары туралы баяндама жасады.

- Құжат айналымын қамтамасыз етуге жауап беретін лауазымды адамдар тапсырмаларды орындау сапасына тереңірек бойлап, ахуал өзгерістерін алдын ала болжауы және тапсырмалардың белгіленген мерзімде орындалмау мүмкіндігінің алдын алуы тиіс. Әскери бөлімнің немесе мекеменің және жалпы Қарулы Күштердің іркіліссіз қызметі көбіне олардың жұмысты дұрыс ұйымдастыруына тәуелді, - деп ҚР Қорғаныс министрлігі Әкімшілік департаментінің бастығы подполковник Рахат Бекқадамов атап өтті.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0
Дальше