Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
04:34, 29 ноября 2013

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесі мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығына байланысты іс-шаралар(Астана қаласы, 2013ж. 29 қараша)

Blog post imageҚазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесі мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығына байланысты Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың қатысуымен салтанатты іс-шара болып өтті.

Мереке қарсаңында ІІМ клубының холында қызметкерлер үшін ІІМ және Қарағанды облысы ІІД қызметкерлерімен «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті» атты тақырыпта фотодеректі көрме ұйымдастырылды.
Мереке күні ішкі істер органдарында ерекше көзге түскен қызметкерлер мен ардагерлерді мадақтау мақсатында салтанатты жиналыс өткізілді. Іс-шара соңынан ІІМ Мәдени орталығы мен Қарағанды облыстық ІІД-мен бірлесе отырып, мерекелік концерт ұйымдастырылды. 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесі мен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22-жылдығы қарсаңында ішкі істер органдарының 427 қызметкерлері мадақталды.

 
0
507
0