Қазақстандық әскер – ТМД-ның үздік үштігінің қатарында

МО РК 2013 M11 28
240
0
0
0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050: қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты» Стратегиясында әскери мүмкіндік пен қорғаныс қабілетті арттыру керектігі және қорғаныс мақсаттағы...

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050: қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты» Стратегиясында әскери мүмкіндік пен қорғаныс қабілетті арттыру керектігі және қорғаныс мақсаттағы механизмдерге қатысу керектігі айтылды. Аталмыш міндеттемені орындау қарулы күштердің кешенді шараларын қолға алуды талап етеді. Соның ішінде Қарулы Күштердің кадрлық саясатын барынша жақын арада және ұзақ мерзімді жетілдіруге деген қажеттілік те жоқ емес.

Бүгінде Қарулы Күштердің дамуы әскери дайындықтың қарқынды өсуімен өлшенеді. Атап айтар болсақ, дайындық шаралар санының өсуі, әскердің жоспарлы түрде қару жаңартуы. Қазіргі таңда еліміздің қарулы күштері шет елдерде болатын түрлі оқу-жаттығу шараларында шеберліктерін шыңдап, өзге елдердің қатарында алдыңғы лектен көрінеді.

Қазақстан әскерінің заманауи әскери техникамен жарақтануы және алдыңғы қатарлы құралдармен қамтамасыз етілуі, сонымен қатар, білікті мамандармен толықтырылуы, офицерлік корпустың жан-жақты дамуы уақыт күттірмейтін мәселе болып табылады.

Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Назарбаев әскерилермен бір кездесуінде айтқанындай, «бүгін біз қазақстандық әскердің XXI ғасырдағы бейнесін қалыптастырып жатырмыз. Оның басты ерекшелігі патриотизм, интеллектуалды даму, салауатты өмір салты болуы керек». Отандық және шет елдік сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан әскері ТМД елдері ішінде үздік үштікке енеді. Бұл, әрине, өлшем емес. ҚР Қорғаныс министрлігі барлық көрсеткіштер бойынша алдағы уақытта топ жарып, биіктерден көрінуге деген жоспары анық. Осы мақсатта тұрақты түрде оқу-жаттығу шаралары мен мақсатты бастамалардан қол үзбек емес.

Strategy2050.kz

Оцените пост

0