Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
10:09, 28 ноября 2013

Жарығы өшті, бір жанның

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Алланың, берген қасиеті,

Сәбидің үні, Анаға.

Мас қылып, заман әкетті,

Ой тұрмас, қилы санаға.

 

Алыстап кетті, кім кімге?

Кешегі болған, махаббат.

Тұрақсыз, болған сезімге,

Кінәлі мүмкін, табиғат?

 

Болды ма, түндер сол бақта?

Қонды ма бақыт, көңілге?

Кішкентай, бір жан, құрсақта,

Қуанып жатты, өмірге.

 

Жүрегі, болашақ сәбидің,

Анамен, болды егіздей.

Қуаныш, жылауын, көңілдің,

Сезінді сәби өзіндей.

 

«Өмірге, ертең келемін,

Анамды, жақсы көремін.

Ең сұлу, Анам, білемін,

Сен үшін, өмір сүремін»

 

Бірақта, Ана ойланып,

Тұжырымға, келді біржола.

«Тастаймын, сені, мен алып,

Керексіз болдың, сен бала»

 

Сезінді, сәби, қайтейін,

Шыңғырып, жатты, құрсақта.

«Анажан, жарық көрейін,

Өтінем, өмірді, тек сақта»

 

Бәрі де бітті, сорлының,

Жалынып кетті ау, мәңгілік.

Жарығы өшті, бір жанның,

Ендігі, кімге, біз сендік?

0
284
1