Бірінші республикалық турнирдің салтанатты ашылуы

mvdgovkz 2013 M11 28
448
0
0
0

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен үстіміздегі жылдың 27 қарашасында «Алатау» спорт кешенінің әмбебап залында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеу қарсаңында ҚР...

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен үстіміздегі жылдың 27 қарашасында «Алатау» спорт кешенінің әмбебап залында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеу қарсаңында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті полицейдің арнайы кедергілер жолағын жеңу бойынша республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Аталмыш спорттық-көпшілік шарасын осындай қарқында бірінші рет өткізіліп отырғандығын атап өткен жөн.

Аталмыш жарысқа дайындық жүргізу аясында ағымдағы жылдың қазан айында Алматы қаласында арнайы бөгет жолақшасына қосылған жаттығулар түрлерімен танысу үшін ҚАЖ (Қылмыстық-атқару жүйесі) қызметкерлерінен құралған төрешілер мен жаттықтырушылар семинары өткізілді.

Бірінші республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Ішкі істер министрінің орынбасары – Әскери Жекпе-Жек Федерациясының Президенті генерал-майор Амантай Күреңбеков, ІІО мен ІӘ (Ішкі әскерлер) ардагерлерінің қазақстандық кеңесінің төрағасы милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков пен ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы әділет генерал-майоры Бауыржан Бердалин құттықтау сөз сөйледі.

Жалпы жарысқа ІІО аумақтық құрылымдары, соның ішінде ІІД мен ҚАЖД-дан 200-ден астам адамнан құралған 32 құрама топ қатысу жоспарланған.

Жарыс екі бәсекеден тұрады.

Бірінші бәсеке әртүрлі бақылау бекеттерінің жиынтығын өтуден тұратын полицейлік арнайы кедергілер жолағы. Олар – шабуыл шегінен кету шеберлігі, аяқпен соғудан қорғаныс, қарсыласты қарулансыздыру, тексеріп қарау мен т.б., қарсыласты байлау, жәбірленушіге алғашқы медициналық көмек көрсету және т.б. жаттығулар.

Екінші бәсекеде қоян-қолтық ұрыс және «қазақша күрес» бойынша жекпе-жек болады.

Соңғы жарыстар және турнирдің ресми жабылуы 2013 жылдың 29 қарашасында өткізіліп, онда жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Оцените пост

0
Дальше