Генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев – жыл әскериі

МО РК November 28, 2013
243
0
0
0

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев «Жыл таңдауы – Жыл адамы» халықаралық фестивалінің қорытындысы бойынша 2013 жылдың әскери...

Жыл сайынғы «Жыл таңдауы – Жыл адамы» фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Алматы қаласында өткізілді. Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өткен шарада 2013 жылдың түрлі саладағы үздіктерінің есімдері жарияланды. Олардың қатарында әскери, мәдениет, өнер, бизнес, медицина, спорт және тағы басқа саланың майталмандары бар.

«Қазақстандағы жыл таңдау № 1» фестивалі ТМД-ның бес елінде өткізіледі және халықаралық мәртебеге ие. Сыйлықтың иегерлерін әлеуметтік сауалнамалардың көмегі арқылы тәуелсіз сарапшылар таңдайды.

Генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев 1959 жылғы 9 қарашада Ақтөбе қаласында туған. 1980 жылы Алматы жоғары жалпыәскери командалық  училищесін бітірген, ал 1994 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны тәмамдады.

Әскери қызметін мотоатқыштар полкінде  мотоатқыштар взводы командирлігінен бастады. Генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев әр жылдары мотоатқыштар ротасының командирі, штаб бастығы – командирдің орынбасары. Мотоатқыштар батальонының командирі, мотоатқыштар құрамасының командирі лауазымдарында болды.

2002-2003 жылдары – ҚР ҚМ Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар департаментінің бастығы.

2003-2009 жылдары – ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы.

2009-2010 жылдары – ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті  төрағасының орынбасары.

2010 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы болып тағайындалды.

3 дәрежелі «Отанға қызметі үшін», 2 дәрежелі «Айбын», 2 дәрежелі «Даңқ» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

Оцените пост

0