Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:13, 27 ноября 2013

Айыппұлды ескермегендер көліктерінен айырылады

Өскемендік тәртіп сақшылары айыппұл төлемі 50 мың теңгеден асып жығылғандарға қарсы қатаң шара қолдана бастады. Енді ондай көліктер кез келген жерден айыппұл тұрағына жөнелтілуде. Заң бәріне ортақ. Сондықтан әкімшілік полиция қызметкерлері мойындарына жазылған айппұлды төлемей қашып жүргендермен ашық күресе бастады. Құқық қорғаушылар ондай көліктерді тауып алып, көлік иелерінің ақталып, жан-жаққа қоңырау шалғандарына қарамастан, бірден айппұл тұрағына әкетуде, деп хабарлайды Хабар телеарнасы. Әкімшілік полицейлердің айтуынша, қалада айыппұл көлемі 50 мың теңдеген басталып, 400 мың теңдеген асатын қырық көлік анықталыпты. Сот шешімі бойынша, солардың барлығы тиісті төлемдерін жасап үлгермеген жағдайда көліктерінен айырылады. Айта кету керек, заң алдындағы жауапкершіліктен қашып жүргендердің арасында түрлі саланың қызметкерлері бар. Өскемендік тәртіп сақшылары айыппұл төлемі 50 мың теңгеден асып жығылғандарға қарсы қатаң шара қолдана бастады. Енді ондай көліктер кез келген жерден айыппұл тұрағына жөнелтілуде. Заң бәріне ортақ. Сондықтан әкімшілік полиция қызметкерлері мойындарына жазылған айппұлды төлемей қашып жүргендермен ашық күресе бастады. Құқық қорғаушылар ондай көліктерді тауып алып, көлік иелерінің ақталып, жан-жаққа қоңырау шалғандарына қарамастан, бірден айппұл тұрағына әкетуде, деп хабарлайды Хабар телеарнасы.
Әкімшілік полицейлердің айтуынша, қалада айыппұл көлемі 50 мың теңдеген басталып, 400 мың теңдеген асатын қырық көлік анықталыпты. Сот шешімі бойынша, солардың барлығы тиісті төлемдерін жасап үлгермеген жағдайда көліктерінен айырылады. Айта кету керек, заң алдындағы жауапкершіліктен қашып жүргендердің арасында түрлі саланың қызметкерлері бар.

Blog post image

 
0
236
0