ІІМ-нің кеңейтілген Алқа мәжілісі туралы ақпарат

mvdgovkz 2013 M11 27
263
0
0
0

Астана қаласында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалық етуімен министрліктің орталық аппараты, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ІІД, сондай-ақ аумақтық есірткі...

Астана қаласында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалық етуімен министрліктің орталық аппараты, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ІІД, сондай-ақ аумақтық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерінің басшылық құрамы қатысқан ІІМ-нің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.   

Кезектен тыс өткен алқа отырысында еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың есірткі қылмысына және нашақорлыққа қарсы іс-қимылды жандандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша шаралар, ішкі істер органдары қызметінің нәтижелілігін арттыру және осы салада ІІМ-нің бейінді Комитетінің үйлестірушілік рөлін күшейту мәселелері қаралды.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес Комитетінің және министрліктің басқа да мүдделі комитеттерінің, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдары мен бөліністері  басшыларының есептері тыңдалды.

Ағымдағы жылы 2,7 мың есірткі қылмысының анықталғаны, 1,7 мың есірткі сату фактісінің жолы кесілгені, 22 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 131 кг героин алынғаны атап көрсетілді.

Сонымен бірге, жалпы, еліміздегі есірткі ахуалы күрделі жағдайда. Қабылданып жатқан шаралар есірткі қаупіне, есірткі контрабандасын уақтылы анықтауға және контрабанданың жолын кесуге, есірткі заттарының халықаралық жеткізу арналарын жабуға және Қазақстан арқылы тасымалдануына қарсы тұруға сәйкес келе бермейді.

Отырыстың қорытындысы бойынша ІІМ комитеттерінің, аумақтық органдары мен бөліністерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді, министрліктің осынау маңызды бағытында елеулі кемшіліктер мен олқылықтарға жол бергені үшін бірқатар лауазымды адамдарды тәртіптік жазаға тарту туралы шешім қабылданды.

 

Оцените пост

0